Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысынан кейін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысының Шымкентке жұмыс сапары «ПКОП» ЖШС-ның Шымкент мұнай зауытынан бастау алды. Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш зауыттың жұмысымен танысып, баға берді.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жобасыны негізінен 2011 жылы Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында басталған болатын. Жобаның қуаттылығы жылына 6 млн тонна мұнай өңдеуге жетеді екен. Ал инвестиция көлемі 580 млрд теңгені құрайды.
Айта кететін болсақ, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру жобасы негізгі екі кезеңде жүзеге асырылған болатын. Алғашқы кезеңде компания Кеден одағында қабылданған К4 және К5 экологиялық класты бензин мен дизель отынының өндірісін құраған. 15 тамызда зауытта сапалы өнім шығарыа бастады. Жылына қуаттылығы шамамен алғанда 2 млн тонна шикізат өндіретін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысын орнату жоспарланып, UOP американдық компанияның технологиясымен жүзеге асырылды. Тікелей айдалатын мазутты қабылдағанға дейін энергия ресурстарын – отын газын, электр энергиясын, салқындатқыш суды, БӨП ауасын, азот және су буындарын тұрақты қабылдау қамтамасыз етілген, энергетикалық жабдықтар, дала аспаптары, технологиялық процесті басқарудың және аварияға қарсы қорғанудың бөлінген жүйесі, мазут циркуляциясы қосылған.
«Shymkent» ӘКК төрағасы Рашид Аюпов Мемлекет басшысына үшінші мегаполисті цифрландыру жобалары туралы баяндады.
Баяндамада білім беру сапасын жақсарту және ашықтық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында 4 негізгі жобаның іске асырылып жатқандығы айтылып өтті. Олар: Indigo жобасы, “Damumed”, ”Қауіпсіз қала” және “Қоғамдық көлік” жобасы. Жобалар туралы толығырақ мәлімет келтіретін болсақ:
Indigo жобасы. Blockchain бағдарламасын пайдалана отырып, бүлдіршіндерді балабақшаларға автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
“Damumed” жобасы. Бұл жоба мобильді қосымша дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және емдеу мекемесінде есепке тұруға мүмкіндік береді.
“Қауіпсіз қала”жобасы. Аталмыш жоба барысында зияткерлік қиылыстар саны 21-ге дейін артқан. Бұл жоба бойынша қалада 479 бейнекамера орнатылды.
“Қоғамдық көлік” жобасы. Бұл жобаның аясында 2019 жылы 30 автобус электронды билет жүйесімен жабдықталады. Сонымен қатар 2019 жылдың бірінші тоқсанында 300 жаңа автобус, 2019 жылдың соңына дейін тағы 700 автобус сатып алу жоспарлануда.
ТҮКШ және АӨК саласында да жобалар бар. Сондай-ақ, қаланы басқару жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жоба жасалған. Қазір үш бағытта жұмыс жүргізілуде: ақылды экономика, әлеуметтік сенім және АӨК бағалау бойынша модуль құру.
Start Up жобаларды жүзеге асыратын “Shymkent TechGarden” цифрлық орталығын құру жоспарда тұр.
Сұлтан Әбішұлы