Мадина Әбілқасымова ауылдарды тарату жоспарының тиімділігін түсіндірді

/uploads/thumbnail/20180409194104794_small.jpg

Алдағы уақытта еліміздің солтүстік өңіріндегі 40-қа жуық ауылды тарату жоспарланып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Ендігі жерді мемлекет болашағы бар елді мекендерді дамыту мақсатында ғана қаражат бөлетін болады.

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова жұмыс бабымен Солтүстік Қазақстанға іссапармен барды. Ол іссапар кезінде Солтүстік Қазақсан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлерімен қатар, облыстың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Қызылжр ауданының орталығы есептелетін Бескөлді аралаған министр өңірдің айтарлықтай дамып келе жатқанын, ауыл тұрғындарының тұрмыстық сапасы жақсарып келе жатқанын айтып өтті.

Мадина Әбілқасымованың айтуы бойынша, 2018 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы жаңартылыпты. Алдағы уақытта тек болашағы бар елді-мекендерге ғана бюджеттен қаражат бөлініп, әлеуметтік нысандар құрылысы, жол жөндеу, су құбырларын тарту және басқа да жағдайлар жасалатын болады.

«Солтүстік Қазақстан облысы  үлкен. Бұл облыста тұрғындарының саны 50-ден аспайтын 100 шақты аса ауыл бар. Бүгінде тұрғындарының саны 10-ға жуық 38 ауылды тарату процедурасы жүріп жатыр. Мемлекет басшысы ресурстарды тиімді пайдалану және тек болашағы бар ауыл, аудан орталықтарын ған қаржыландыру туралы айтты. Ондағы тұрғындар саны қаншалықты көп болса, жұмыс орны да соншалықты көбейеді. Сонымен қатар бұл шағын және орташа бизнестің дамуына негіз болады», – дейді Мәдина Әбілқасымова.

Қатысты Мақалалар