Мадина Әбілқасымова шағын несиелеу процесі жайында

/uploads/thumbnail/20181025101318175_small.jpg

«Бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асу барысы» туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Үкімет отырысы барысында айтып берді.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасы жұмыссыз тұрғындарды еңбекке араластыру мақсатында шағын несие беру ауқымын кеңейту жайында болған.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, төртінші әлеуметтік бастама аясында ағымдағы жылы шағын несиелеуді қаржыландыру 20 млрд теңгеге артты. Оның ініде қалаға бөлінгені 6 млрд теңге, ал ауылды өңірлерге 14 млрд теңге. Қосымша қаражатты ескерсек, шағын несиелеу шарасына жалпы сомасы 62 млрд теңге бөлінді. Оның 73 пайызы, яғни 45 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы үшін, ал 27 пайызы, яғни 45 млрд теңге қала тұрғындарына үлестіріледі.

Биылғы жылы шағын несие 14 мың адамға беріледі деп жоспарланып отыр.

Шағын несиелеу «Жаппай кәсіпкерлік және өнімді жұмыспен қамту 2017-2021» бағдарламасының екінші бағыты аясында жүзеге асырылады.

Төртінші әлеуметтік бастаманы тиімді жүзеге асыру мақсатында бағдарламаларға ауылдар мен қалаларға шағын несие беру лимиттерін дифференциялау туралы, әрі агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеу аясында ынтымақтастықты дамыту және шағын несие беру процесін жеңілдету туралы өзгерістер енгізілді.

Жалпы қалалық өңірлерде шағын несиелерді беру Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсе, ауылдарда Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелді.

Жыл басталғалы қазақстандықтарға 38,4 млрд теңге шағын несие берілді. Қала тұрғындары 10,5 млрд теңге алса, ауылдық өңірлерде 27,9 млрд теңге алған.

Аймақтар бойынша жеке-жеке бөліп қарастыратын болсақ, шағын несиелеуден алда тұрғандар Алматы (87 пайы), Алматы облысы (72 пайыз), Батыс Қазақстан облысы (69 пайыз) және Жамбыл облысы (66 пайыз).

Кейінгі тізімге сәйкес, Маңғыстауда (28 пайыз), Атырауда (43 пайыз), Ақтөбеде (49 пайыз) және Астана қаласында (31 пайыз) ең көп төлемдер байқалады.

Жыл басынан бері жалпы саны 8 893 шағын несие берілген, оның 7901-і ауылдық өңірлерде, 992-сі қала тұрғындарына берілді. Ауылдарға берілген шағын несиенің орташа мөлшері 3,5 миллион болса, қалаларда 10,6 миллион теңге.

Берілген шағын несиелер қатарында Start-up жобасын қолдауға 6 087 шағын несие. Ал якорлы кооперацияны дамыту үшін 527 шағын несие бөлінген. 2 279 шағын несие жеке істі дамыту бағытына арналған.

Мемлекет басшысы атап өткендей, шағын несиелеу еліміздің жұмыссыз тұрғындары мен өзін-өзі дамытқысы келетіндер үшін.

Төртінші әлеуметтік бастама аясында өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 7 914 болса, жұмыссыздардың 979-ы шағын несие алған. Әрі іс бастап, оны дамытып отыр.

Оның үстіне, жаңа жұмыс орындарын құру туралы маңызды жоспар тағы бар. Шағын несие алушылар үшін қосымша 8 256 жұмыс орны құрылды.

Экономика саласы бойынша ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығын дамыту мақсатында 7 203  (81 пайыз) шағын несие, көлік саласына – 533 (6 пайыз), тұру және тамақтану қызметтеріне 285 (3,2 пайыз), өңдеуші өнеркәсіп саласы – 178 (2 пайыз), көтерме және бөлшек сауда – 89 (1 пайыз), өзге де қызмет түрлері  - 570 (6,4 пайыз), құрылыс саласына 35 (0,4 пайыз) шағын несие берілді.

Бағдарлама аясында елімізде ең маңызды әрі ауқымды «Бастау-Бизнес» жобасы іске қосылды.

Жыл басталғалы 9 ай ішінде 24,1 мың адам білім алды, олардың 13,4 мыңы бизнес жобаларын қорғап үлгерді. Бағдарламаға қатысушы 4,1 мың адам шағын несие алды.

Бағдарламаны іске асыру барысында мынадай өзгерістер енгізілді:

Біріншіден, ауылдық жерлердегі якорлы кооперацияны дамыту мақсатында шағын несие мөлшерін 5 мың МРП-дан 8 мың МРП-ға дейін көтеру;

Екіншіден, шағын несие алушылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру талаптары жеңілдетілді.

Үшіншіден, бағдарламаға қатысушылар саны жеке кәсіпкерлермен толықты.

Төртіншіден, якорлы кооперацияларды салық органдарына тіркеу мерзімі үш жылдан астам уақытты құрады.

Әлбетте, мемлекеттік шаралар тұрғындарының табыс көзінің артуына әрі өмір сүру сапасының жақсаруына әсер етеді.

Назар аударғаныңызға рақмет.

 

Қатысты Мақалалар