Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

/uploads/thumbnail/20181121173352364_small.jpg

Ақтөбенің атақты футбол клубы жекеменшіктің қолына өтті. Атышулы клубты Ақтөбе футболының аңызы Самат Смақов сатып алды.

Ақтөбе облысы бойынша жекешелендіру нысандарының тізіміне тоғыз коммуналды жекеменшік нысаны кірді, оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубы да бар. Елдегі барлық футбол клубы жекешелендіруге жатады.

«Ақтөбе» футбол клубының электронды саудасы үш рет өткізілген. 2018 жылы 20 қарашада өткен сауда-саттықтың нәтижесі бойынша Смақов Самат Кабирұлы жеңімпаз атанды. Айта кету керек, ол үшінші сауда-саттықтың жалғыз қатысушысы болатын. Клуб сенімді басқармаға кейін сатып алу құқығымен жеті жылға берілді. Келісім 108 млн теңгені құрады. Келісімнің шарты клуб қызметінің профилі мен әрекет етуші қызметкерлер құрамының кем дегенде 75%-ын сақтау болып табылады. Сенімді басқару кезеңінде қайта сатуға, кепілге беруге және нысанға, соның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікке қатысты басқа да әрекеттерге тыйым салынады. Бұдан басқа, жаңа қожайын клубтың Премьер-Лиганың клубтарға қоятын тәртіптеріне сәйкес барлық міндетті турнирлер мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуі, сонымен қатар, балалар футболын, соның ішінде облыс аудандарында дамытуы керек. Жекешелендіру менеджемент сапасы мен клубты басқару тиімділігін көтеруге, бюджетке түсетін салмақты төмендетуге, жеке инвестицияларды тартуға, сонымен қатар, өңірдегі футбол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Қатысты Мақалалар