Қазақстандағы демографиялық ахуал тәуелсіз алған жылдан бері үнемі жақсарып келеді. Оған табиғи өсімнен бөлек түрлі факторлар әсер етіп жатқаны белгілі. Оның ішінде Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан көші-қон саясаты, экономикалық өсім, туу көрсеткішінің жоғарылап, өлім көрсеткішінің төмендеуі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылы, яғни 1991 жылдың басында Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам болды.
Қазір Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетті.
Қазақстандағы демографиялық ахуал 2002 жылдан бастап тұрақты түрде жақсарып отырды. 2013 жылы халық саны 17 миллионға жетті. Қазір Қазақстан халық саны 18 миллионға жетті. Ендігі меже – Қазақстан азаматтарының санын жиырма миллионға жеткізу.
Қазақстан Республикасында санақ қалай жүргізілетініне, оның ішінде табиғи өсім қалай өлшенетініне тоқталып өтелік. Табиғи өсімнің бір жылда 1000 адам шаққандағы коэффициентпен белгіленеді.
Қазақстан Республикасында ұлттық санақты онлайн жүргізу жоспарда бар. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтың санақ жұмыстары Қазақстанның шалғай өңірлерінен бастау алады.
Қазақстанда санақ жүргізілгеннен кейін Қазақстанда халық санының өскенін байқаймыз. Тәуелсіздік жылдарынан бері түрлі тарихи себептерге байланысты туған жерінен көшуге мәжбүр болған қазақтардың ұрпағына тарихи Отаны – Қазақстан Республикасына оралуға мүмкіндік ашылды. Этникалық қазақтарға шекара есіктері айқара ашылды. Олардың таршылық, қиындық көрмеуі үшін, жаңа қоғамға, жаңа ортаға сіңісіп кете алуы үшін барлық жағдай жасалынып жатыр. Мәселен, құжат рәсімдеу, өз кәсібін ашу, жоғары оқу орнына түсу, студенттерге жатақхана алу, азаматтық алу, тұрақты тіркеуге тұру.
Қазақстан Республикасында оқып жатқан этникалық қазақтарға әлі азаматтық алып үлгермесе де тұрақты тіркеуге тұру үшін жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, көші-қон полициясына қазақ екенін дәлелдейтін құжатты көрсетсе болғаны, тіркеуін тегін ұзарта алады.
Дәл сол секілді оқу орнының жатақханасын алу үшін де жеңілдіктер қарастырылғанын айта кету керек. Яғни, Қазақстан Республикасындағы барлық жоғары оқу орындарында студенттерге жатақхананы бөлу кезінде студенттердің барлық жағдайы ескеріледі. Мәселен, ең алдымен жатақхана жетім балаларға, тұрмысы нашар отбасынан шыққан студенттерге және шет аймақтан көшіп келген қазақтарға беру көзделген.
Жоғары оқу орындары туралы айтқанда оралман статусы бар қазақтарға арнайы грант қарастырылғанын айта кету керек. Бұл ретте үйреншікті жерінен, туып, өскен жерінен, үйреншікті ортасын, достарын, кәсібін, жұмысын, үйін тастап тарихи Отаны – Қазақстан Республикасына көшіп келгенде қоғамға тезірек сіңісіп, баспаналы болып, қажетті құжаттарын да рәсімдеп, балалар балабақшаға, орта білім беру мекемелеріне, яғни мектептерге орналасу, жұмысқа тұрудың оңтайлы жолдары қарастырылған, барлық жағдай жасалған. Соның нәтижесінде, Қазақстан Республикасына аштық, соғыс, репрессия кезінде шетелге кеткен кейбір қазақтардың ұл, қыздары сол жерде туып, өсіп, үйлі-баранды болып, бала тәрбиелеп, білім алып, жұмыс істеп келді. Қазақстан Үкіметі атамекенінде оларға одан да жақсы жағдай жасап, оларды тарихи Отанынан көшіп келуге ынталандырып келеді. Соның нәтижесінде, Қазақстан Республикасына әлемнің түкпір-түкпіріндегі тарыдай шашылған қазақтардың басы қосылып, Қазақстан Республикасы игілігі үшін жұмыс істеп, келер ұрпағын Қазақстанда тәрбиелеп, өсіруге жағдай туды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасына көбіне көршілес ел Ресей Федерациясынан, Моңғолия, Қытай Халық Республикасынан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикасы, Ираннан көшіп келеді екен.
Демографиялық ахуал ұтқыр көші-қон саясатының арқасында жақсарғанын атап өту керек. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Иран секілді Орталық Азия, Азия елдерімен қатар Еуропа, оның ішінде Германия, Англияда да қазақтар тұрып жатқанын тілге тиек еткен абзал. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан көші-қон саясаты дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан этникалық қазақтарды тарихи Отанына – Қазақстан Республикасына қоныс аударуға ынталандыру.
Қазақстандағы демографиялық ахуал көші-қон саясатынан бөлек, туу көрсеткішінің артуы, өлім көрсеткішінің төмендеуі, Қазақстан Республикасы азаматтарының орташа өмір сүру жасының ұзарғанынан екенін де атап өту керек. Бұл – сөзсіз Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сапасының жақсарғанын, денсаулық сақтау, экономика саласының ілгері жылжыуының айқын белгісі. Себебі қазіргі жаһандық, нарық заманында бала туу, көп балалы отбасы болу материалдық жағдайды да қажет ететіні жасырын емес. Балаға сапалы білім, жақсы тәрбие беріп, оның жан-жақты болуы үшін қаржы керек-ақ. Бұл тұста халықты жұмыспен қамту, өз кәсібін ашуға жағдай жасау, әр дүниеге келген балаға жөргекпұл беріп, оны жыл сайын өсіру, көп балалы отбасыларға баспана беру, олардың қоғамда мәртебесін өсіру үшін ұтқыр саясат, қарышты қадамдар жасалып келеді.
Қазақстан Республикасында отбасы институтын құру, оған өмірдегі маңызды құндылық ретінде қарау үшін насихат жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Көп балалы аналарды құрметтеу, оларға төс белгісін тапсырып, ерекше сыйластық таныту арқылы жас ұрпаққа көп балалы ана болудың маңыздылығын, мақтаныш екенін көрсету. Осыдан алтын, күміс алқасы бар аналар шықты. Олардың атағы жер-жерді аралап жүр.
Отбасы институтының іргесін берік етіп қалану үшін оның барлық қыр-сыры, әр бөлшегі жіті ойластырылған, қарастырылған, талқыланған. Оның жылда жетілдіріліп отыратынын да ескеруіміз керек.
Қазақстан Республикасы аймағында осындай насихат жұмыстары мен түсіндіру жұмыстары ұтымды жүргізілуінің арқасында қазақстандық қоғамда аяғы ауыр әйелдерге ерекше құрметпен қарау, көп балалы аналарды құрметтеу, сыйлау осының басты десек те болады. Оның тағы бір жемісі мен маңызды нәтижесі – Қазақстан Республикасындағы халық санының артуы, бала туу көрсеткішінің жоғарылауы.