Үш адамның өмірін жалмаған жол апатына себепкер болған күдіктінің кім екені белгілі болды

/uploads/thumbnail/20181231142544702_small.jpg

Алматы қаласындағы үш адамның өлімін жалмаған жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізушінің кім екені белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің фейсбук парақшасына жазды. 

Кар Ильяс

♦Шолпан Елгезекова қайтыс болған жол апатының видеосы пайда болды

"Кар Ильяс Исмарович 1985 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция басқармасының баспасөз хабарламасы да жанама түрде растап отыр. Ильяс Исмарович Абай Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған жол апатына себепкер болған. Сараптама нәтижесінің нәтижесіне сүйенсек, автокөлік иесі мас күйінде көлік жүргізген. Қазір күдікті азамат Алматы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", деп жазады Денис Кривошеев. 

◊Марқұм актрисаның өмірінен естелік: енесінің жақсылығын кеш түсінген...

Еске салсақ, жол апаты 29 желтоқсанда таңға жуық Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды. Полицияның хабарлауынша, соққының салдарынан жеңіл көлік жол шетіне ұшып кетеді.  Mitsubishi Galant жүргізушісі мен актриса Шолпан Елгезекова оқиға орнында қайтыс болды. Аталған іске байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу алды іс қозғалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар