Жантүршігерлік жол апатында қайтыс болған үшінші адам кім?

/uploads/thumbnail/20190103112558864_small.jpg

Алматыда болған ірі жол апатының үшінші құрбаны кім екені белгілі болды. Ол — Көкшетауда дүниеге келген, Астана қаласының тұрғыны, екі баланың анасы, GuDi Group" ЖШС тапсырыспен тамақ таситын компанияның атқарушы директоры болып қызмет атқарған Динара Қанатқызы Хамитова. Әке-шешесі қызынан, күйеуі адал жарынан, ұлы мен қызы асыл анасынан айырылып, қайғы шекті.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі марқұм Динараның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Аталмыш оқиғаны басты назарға алған біз кінәлі жазадан құтылып кетпесін деген ниет-оймен оқырман назарына жан-жақты ақпарат беріп отыруды жөн деп санаймыз.

Динара Хамитованың Әсел есімді бөлесі қылмыскердің қатаң жазалануын сұрап, мынандай жазба жариялапты:

«2018 жылдың 29 желтоқсанында таңғы сағат 5:00 шамасында Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Көлікте такси жүргізушісі мен үш жолаушы отырған. Үш адам қаза тапты, соның бірі – менің бөлем Динара. Ол өте мейірімді адам болатын. Ата-анасының көз-қуаныштары, жалғыз қызы еді. Артында жан-жары мен бір ұлы және қызы қалды. Бейбіт күнде балалар анасыз жетім қалды».

Динара

Динара

Динара

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар