Елбасы: Сендер, министр емес, қорқақсыңдар...

/uploads/thumbnail/20190130141540344_small.jpg

Бүгін Астана қаласында Елбасының қатысуымен Үкіметтің кееңйтілген жиналысы болып өтті. Жиналысты ашқан президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет мүшелерін қатаң сынап, олардың жұмысындағы олқылықтарды айтып өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Сендер үкімет немесе министр емес, қорқақсыңдар...» - деп ашуланды Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевқа шүйлігіп, сынның астына алды.

Елбасының айтуынша, премьер-министрдің үстелінде Қазақстан қандай тауарларды өндіреді және шет елден қандай тауарлар келетіні туралы жазылған қағаз үнемі болуы керек.

-Экспорт құрылымында өңделген өнімдердің үлесі небәрі 30 пайызды ғана құрайды. Өмірзақ (Шүкеев – Ауыл шаруашылығы министрі – ред.), бұл саған тікелей қатысты. Жұмысты дұрыстап атқар. 20 мың ірі қара мал етін экспорттау барысында оның 70 пайыздан астамы тірі мал ретінде экспортталған. Экспорттық өнімділікті арттырамыз деп біз өз құндылығымызды жоғалтып жатырмыз. Әлі күнге дейін ет, сүт өнімдерін, көкеністер мен жемістерді қайта өңдеу үшін импорттап отырмыз. Импортталған тауарлардың барлығы да қымбат – киім де, тамақ та. Бізде жоқ тауарлар болса мейлі, бірақ өзіміздің елде өндірілетін тауарлармен біз халықты қамтамасыз етуіміз керек, - деп айтып өтті Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловқа  жаңа тапсырмаларға байланысты инвестициялық және экспорттық қызметті күшейтуге тапсырма берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кеңейтілген жиналыста банкроттық жағдайларды жеңілдетуді тапсырды.

-Небәрі соңғы үш жылдың ішінде банкрот болуға шақ қалған кәсіпорындардың саны екі есеге өскен. Банктер ақша бермейді дейсіңдер. Егер ешкім қарызын қайтармайтын болса, ақшаны кімге береді?! Банк жұмысын қалыпқа келтірмейінше, банк жүйесінде дағдарыс бола береді. Қазір қарыз ақшаның көлемі 4 триллионнан асады. Қарызға ақша беруде оның 93 пайызы несие беретін компанияларға тиесілі болып келеді, - деп айтып өтті Президент.

«Несие алады да, кейін оны төлейтін уақыт келгенде тағы қосымша бір несие алып жабады. Осылай жалғаса берсе, ақыры бір күні жарылады. Біз қайда  бара жатырмыз? Қолдау көрсету керек, әрине, бірақ оның да пайдасы болуы керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар