Бжезинский: Негізі Ресей артық мемлекет

/uploads/thumbnail/20170708180307229_small.jpg

Тегі польшалық АҚШ саясаткері, әлеуметтанушы, АҚШ мемлекет қайраткері Збигнев Казимеж Бжезински әлемдік саясатта айтарлықтай беделге ие тұлға. Әсіресе ол Украинаның еуропалануына және Ресейдің Қырымды заңсыз аннекциялауына қатысты өткір пікірлер білдіруде.

Осы ретте Бжезинскидің Ресей Федерациясы мен Украина жаңжалдарына қатысты әлемдік БАҚ-қа берген сұхбаттарынан үзінділерді назарларыңызға ұсынамыз.

Збигнев Казимеж Бжезинский

"Егер орыстар соншалық ақымақ болатын болса, олар өздерінің бұрынғы империясын қайта құруға әрекетке көшеді.Мысалы, Шешенстан мен Ауғанстандағы конфликттерді (жанжалдар) қайталайды".

"Біз Советтер одағын жеңдік. Ресейді де жеңеміз".

"Негізі Ресей артық мемлекет".

"Проваславие - Американың негізгі жауы".

"Ресей - жеңіліс тапқан держава. Ол титаникалық соғыста-ақ жеңіліс тапқан және ол Ресей емес, Совет одағы болған деп айту - бұл шындықты бұрмалау деген сөз. Ол Ресей еді. Советтер одағы деп аталатын Ресей болатын. Ол АҚШ-қа сес көрсетпек болды. Ашық соғысуға шақырды. Сөйтті де жеңіліп қалды. Қазір, Ресей "ұлы держава" деген иллюзия құрудың еш керегі жоқ. Ондай одан мүлде арылу керек. Өйткені Ресей түбі бөлшектеніп кететін мемлекет".

"Ресей не империалық бағытты немесе демократиялық бағытты таңдауы тиіс. Бірақ, екеуін бірдей таңдай алмайды. Ол мүмкін емес. Ресей еуразиялық бағытты қуалайтын болса, ол империялық ел болып қалатыны сөзсіз. Онда Ресей империясының дәстүрін изоляция жасауымызға тура келеді. Біз жәй қарап, қол қусырып отыра алмаймыз. Барлық еуропалық мемлекеттер мен АҚШ бір шепте Ресейге тізі біріктіретін болады".

"Ресей еркін конфедерация принциптеріне құрылған мемлекет. Бұл Ресейдің еуропалық бөлігі, Сібір республикасы мен Алыс-шығыс елдері және Орталық Азия мемлекеттерімен қоян-қолтық араласады. Ортақ мүдделері де жоқ емес" "Ресей үшін тиімді жалғыз геостратегиялық таңдау - ол трансатлантикалық Еуропа, ЕО және НАТО-мен бірігу. Тек сонда ғана Ресей халықаралық аранеда шынайы рөл ойнайтын болады".

Аударып топтастырған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар