Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева өзін пластикалық ота жасады деп сынағандарға Instagram желісі арқылы жауап берді.
Өзінің ресми парақшасында продюсер “мұрным да, көзім де, кірпіктерім де өзімдікі” деп сендірді.
“Шын сөзім. Мен мұрнымның пішінін өзгерткен емеспін, линза да тақпаймын, пластикалық ота жасатқан жоқпын, кірпік жабыстыратын да әдетім жоқ, ерінімді үлкейткен емеспін, мең де салмаймын, тағы да не бар? Фотода мен 20 жастамын”, -деп жазған.
Бұрынғы фотосымен қатар жүктеген Баянның бұл жазбасына 300-ден аса оқырмандары пікір қалдыған. Кейбіреулері “қасыңызды неге айтпадыңыз?” деп сұраққа алса, тағы бір тарап продюсердің табиғи сұлулығынан күмәнданбайтынын жеткізген.