Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков Қырғызстан сотының ХІ съезі кезінде оларға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисын айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтының мәліметіне сүйеніп.
«Бүгін сіздерге судьялар туралы бір хадис айтып берейін. Ол хадисте жазылғандай, судьяның үш түрі болады, оның екеуі тозаққа түссе, біреуі ғана жұмаққа барады екен. Егер судья әділ шешім қабылдаса, оның мекені жұмақ болмақ. Ал егершындыққа көз жеткізбей немесе қандай да бір мәселенің мән-жайын анықтамай шешім шығарса, ондай судья тозақтық болады», - деп айтты Сауранбай Жиенбеков.
Съезде сөз алған президент судьялардың басты міндетін айтып берді.
«Сіздерді қабылдаған шешімдеріңізді ешкім де өзгерте алмайды, оған, тіпті, менің де құзіретім жетпейді. Осыны естен шығармауларыңыз керек, өмір қысқа, бәріміз де Жаратқанның алдында есеп беретінімізді ұмытпаңыздар», - деп айтып өтті Қырғызстан президенті.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Пікір қалдыру