Ұмай ана кім еді?..

/uploads/thumbnail/20190311172827219_small.jpg

Кілең тексіз, Ұлтымды басына ма,
Арамдығын ішінде жасыра ма?
Көк Түріктің анасы – ҰМАЙ АНА,
Ұмай ана – текті ана, асыл ана.

Қайран Қазақ, о бастан деп армандар,
Армандаңдар, ешкімге алданбаңдар.
Білге қаған, Күлтегін - ерен туған,
Көк Түріктің бағына айналғандар!

...Бір көкбөрі, сол ұлды емізеді,
Бар Түрікке сол ғана негіз еді.
Біздің арғы анамыз саналатын,
Ұмай Ана - о бастан «өзім» еді.

Сынығы еді асылдың таза ғана,
Одан тарап шығыпты Қазақ, ана.
Аналардың анасы - Ұмай Ана,
Ұмай ана - текті ана, ғажап ана!

Сайгез жебе - оқтатқан сағағына,
Оған куә - бұл ұлы дала мына.
Ер Түріктің сарбазы ол заманда,
От ойнатқан жалынды жанарына.

«Тәңір» депті, көргендер жеңісті аман,
Ұланбайтақ Түріктер жер ұстаған.
Жұрт айтады, кезінде Ұмай Ана,
Ұмай Ана - тізгінді тең ұстаған.

Батыр Түрік, сес еді жауларына,
Сенімменен қараған алдағыға.
Барша Түрік тұсында Ұмай Ана,
Жеткендей бір кез еді арманына...

Ұлы баба, сөзінен от аласың,
Кім сынаған жігіттің соқа басын,
Ер Түріктер, ол тұста билегенді,
Тынық мұхит - Дунайдың екі арасын.

Ер Түрігім, мақтаным, айбарым да,
Оған түскен о бастан таңдауым да.
Ұмай Ана, Ер Түрік, атойлайды,
Қазағымның бүгінгі арманында...

Жұмаш Кенебай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар