Тойлардың бірінде ақ жаулықты әжелер “қатын күреске” қатысқан (видео)

/uploads/thumbnail/20170708180326069_small.jpg
Ауылдағы тойлардың біріндегі әжелер күресінің видеосы желіде пікірталас тудырды деп хабарлады 7 арна. Видеоны көргендердің біразы бұлай әжелереміздің білек сынасуы ұят деген пікірде болса, енді бірі бұл “қатын күрес” деген ежелгі ұлттық спорт түрі деп жатыр. “Белдесуге ер адам қалмап па? Жеңгісі келсе апаларымыз ұршық иіріп жарыссын. Ұят әрі ерсі, қыз-келінге еш көрсетер үлгі жоқ!”, – деп жазған пікір қалдырушылардың бірі. “Оғаш ештеңесі жоқ, бұл дəстүрлі қоғамда бұрыннан болған “қатын күрес”. Тек мына жерде киімдері оңды болмай қалыпты. Оны сан саққа жүгіртіп,  қазақтың бұрынғысынан хабарларыңның жоқтығын танытпаңдаршы. Қайта қазіргі кезде сол кездің танымы, əдебі, имандылығы деңгейінен көп төмендеп кеткенімізді мойындалықшы”, – деп жазған екіншісі. Күрестің бұл түрі ХХ ғасырда той-томалақтарда жиі өткізілген екен. Жеңімпаздарға арнайы жүлде беріп отырған. Ол кезде даңқты палуан апаларымыз көп болған да шығар. Естеріңізге салсақ, 2012 жылы Әз-Наурыз мейрамында елордалық әжелер мен аталар боз кілемде белдесіп, жарыс ұйымдастырған болатын. Елорданың “Қазақ елі” монументі алдында “қазақша күрестен” боз кілемге етек-жеңін түріп, әжелеріміз бен аталарымыз да шыққанын агенттіктер хабарлап кеткен еді.

Қатысты Мақалалар