Ойын автоматына құмар “Алтын алқа” иегері көпшілікті таң қалдырды (видео)

/uploads/thumbnail/20170708180328048_small.png
Ойын автоматына әуес алтын алқа таққан кейуананың видеосы көпшілік назарына ілікті. Видео Youtube-ке 11 мамыр күні жүктелген. Ойын автоматына құныққан әжейдің кеудесіндегі төсбелгісінен оның “Алтын алқа” иегері екенін байқауға болады. Ғабит Рабаев есімді Фейсбук пайдаланушысы өз парақшасында жариялаған бұл видеоны 600-ге тарта адам бөлісіп үлгерген. Мұны көрген пікір қалдырушылардың бірі “Үлкендердің берген үлгісі осы болса, жетісеміз. Апама қарап, өзім ұялып тұрмын”, – десе, екіншісі әжейдің зейнетақысы үйіне жетпейтін болды деп әзілге басқан.

Қатысты Мақалалар