Компьютердегі ойынын тоқтатқысы келмеген келіншек интернет-кафеде босанды

/uploads/thumbnail/20170708180750315_small.jpg
Қытайдың Наньчан қаласындағы интернет-кафеде қыз бала дүниеге келді. Ал оның анасы ойнап жатқан компьютер ойынын тоқтатуға қимағандықтан, баланы еденге туа салысымен қайтадан ойынға кірісіп кетіпті, деп жазады қытайлық басылымдарға сілтеме жасаған newsru.com. Сол кезде интернет-кафеде отырған өзге келушілер жылаған сәбидің дауысын естіп келіп, не болғандығын бірден түсіне қойған. Олар жаңа туған баланы киімге орап, жедел жәрдем шақыртқан. Ең сорақысы, осы уақыт бойы 24 жастағы ана құрсағынан шыққан шақалаққа қарамастан, ойынды одан сайын қыздыра түскен екен. Артынша белгілі болғанындай, ол отбасымен болған кикілжіңнен соң ашуланып, үйінен кетіп қалған. Ал интернет-кафеге ол жігітін күте тұру үшін бас сұғыпты. Абырой болғанда, оқиға соңында оның туыстары мен баланың әкесі хабарды ести салысымен, бірден ауруханаға қарай бет алыпты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар