Компьютер таңдауы: Ең ұлы адам - Мұхаммед пайғамбар

/uploads/thumbnail/20170708180753203_small.jpg

Американдық жазушы әрі ғалым Майкл Харт адамзат тарихындағы әлемнің ең ұлы жүз адамын ұлылық дәрежелеріне қарай іріктеп олар туралы кітап жазуды ойластырады. Оларды таңдау барысында түрлі әсерлерге берілмей жан-жақты болу үшін Майкл Харт пен оның серіктері компьютерді қолданады. Компьютерге ұлылардың атқарған істері, алға қойған мақсаттары ерекше қасиеттері, айрықша қабілеттері, жеткен нәтижелері мен адамзат тарихына ықпал-әсері секілді барлық мағлұматтар салынады. Ол үшін біраз тер төгуге тура келеді. Нәтижесінде компьютер тарихта айтарлықтай із қалдырған жүз адамды таңдап алады. Енді компьютер ұлылардың ұлысын табуға тиіс болады. М.Харт ерекше толқыныспен компьютер нүктесін басады, экранға "Мұхаммед пайғамбар" деген жазу шығады. Бұл Харт пен оның әріптестерін қолайсыз жағдайға түсіреді. Олар бір жерден қателік кеткен шығар деген оймен қайта сараптау жұмыстарын жүргізеді. Компьютер айнасына "Мұхаммед пайғамбар" деген жазу қайта шығады. Бұған қанағаттанбаған Харт пен әріптестері тексеру жұмыстарын бірнеше мәрте қайталайды. Бірақ компьютер қасарысып айтқанынан қайтпайды. Ғалымдардың мұны мойындағаннан басқа амалдары қалмайды. Сараптау нәтижесінде М.Харт "Тарихтағы жүз адам" деген белгілі еңбегін жазып шығады. Кітапта ұлылар тізімі біздің Пайғамбарымыз Мұхаммедтен, салла Алла алейһу уә сәлам, басталады. Кітап АҚШ-та басылып шығады. Енді осы кітаптан шағын үзінділер келтірейік. "Менің әлемнің ең ықпалды адамдарының тізімін Мұхаммедтен бастауым оқырмандарды таңдандыруы және олардың келіспеушілігін туғызуы мүмкін. Алайда адамзат тарихында дін және дүние ісінде ғажайып табысқа жеткен жалғыз сол ғана. ...Қазір оның дүние салғанына он төрт ғасыр өтсе де оның әлемге етер ықпалы өте зор".

  Амангелді Мырзабек, facebook

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар