Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ

/uploads/thumbnail/20170708180840197_small.jpg

КИІКТЕР ҚЫРҒЫНЫНА СЕБЕПШІ БОЛУЫ МҮМКІН «ПРОТОН» ЗЫМЫРАНЫН ҰШЫРУДЫ ТОҚТАТУДЫ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕГІ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӘСКЕРИ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНДАРЫН ШҰҒЫЛ ЖАБУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ

Ресми мәлімет бойынша Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында қырылған бөкендердің саны 85 000нан асқан. Ресми органдар бөкеннің қырылуы пастереллез ауруының салдарынан деп отыр. Алайда қырылған бөкендерден бұл аурудың белгілері байқалмайды дейді кейбір мамандар.

Сонымен бірге ауыл тұрғындары бөкендердің ғана емес, судағы бақалардың, малдың өліп жатқаны туралы хабарлауда.

Қостанай облысында ең көп киік қырылған (40 000нан аса) аумақтан ғарыш зымыраны бөлшегіне ұқсайтын шар тәріздес темір зат табылды деп хабарлайды Қостанай облыстық прокуратурасының мамандары. Киіктер қырғынына гептилдің қатысы болуы әбден мүмкін. Осы жылдың 16-мамыры күні Байқоңырдан ұшқан ресейдің Протон зымыраны жерден көтерілген соң 500 секунттан кейін апатқа ұшырады.

Ал ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми ақпараты бойынша 17-мамыр күні, яғни зымыран құлағанның ертесі Бетпақдаладағы "Ырғыз-торғай" табиғи резерватында алғашқы 4 киіктің өлігі табылған.

Киіктер өліміне Протонның себебі болуы мүмкін екенін Марғұлан Сейсенбаев былай түсіндіреді: «Протонның ұшу бағыты зымыранды ұшыру алаңы орналасқан Төретам бекетінен басталып, одан әрі Қоскөл бекетінің батысынан Бірәлі ауа райын зерттеу бекетін басып өтіп, Арқалық қаласының оңтүстік-шығысын басып өтіп, Ақмола облысының оңтүстік шетінен әрі қарай Қарағанды облысының солтүстігінен әрі қарай Алтай аймағына, забайкалие тағы басқа аумақты басып өтеді. GoogleMap арқылы қарасаңыздар және Бірәлі бекетін табыңыздар. Сол жерден батысқа қарай 70-80 шақырым жерде Үрпек қыстағы орналасқан. Бұл үлкен киіктер төлдейтін аумақ. Қарасаңыздар дәл сол жерде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарының шендесетінін байқайсыздар. Бұл киіктердің жаппай қырылған орталығы. Осында көп киікті «Протон» арқылы улау үшін гептилді бүкіл Қазақстан аумағына шашу қажет емес. Одан әрі троектория бойынша аздаған киік өлген Ақмола облысы жатыр».

Қарағанды облысының тұрғындарының мәлімдеуі бойынша киіктердің жаппай қырылуына Қарағанды облысы Балқаш көлінің батысы мен Бетпақдала аумағын қамтып жатқан Сарышаған әскери- жаттығу полигонында жасалған сынақтың себебі болуы мүмкін.

Осы жағдайларға қарап, 85 000 киіктің қырылуына «Протон» зымыранының құлауы немесе Ақтөбе облысында және Қарағанды облысындағы Бетпақдалада орналасқан Ресейдің әскери-жаттығу полигонының әсері болуы әбден мүмкін деп ойлаймыз.

Сол себепті, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыранын ұшыруды тез арада, үзілді-кесілді тоқтатуды және еліміздегі Ресей федерациясының әскери-жаттығу полигонын шұғыл жабуды талап етеміз.

«Антигептил» экологиялық азаматтық қозғалысының мүшелері және қазақстандық азаматтар...

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар