Өнер ордасы Елбасы үндеуін қолдайды

/uploads/thumbnail/20170708180936746_small.jpg

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жуырда ғана халыққа жолдаған «Ұлт жоспары – 100 қадам» үндеуі М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында да талқыланды»-деп хабарлайды театрдың «Баспасөз қызметі». Алдымен, театр директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Әбділдаұлы Біләлов өнер ұжымының техникалық құрамына Президент үндеуін таныстырса, шығармашылық құраммен қызу талқылады. Театрдың тұғыры биік, абыройы асқақ артистері Сәбит Оразбаев, Торғын Тасыбекова, Есмұхан Обаев, Баян Имашевалар өз ойларын ортаға салса, жастар жағы ел болашағы үшін маңызды болған «100 нақты қадамды» қолдайтындарын білдірді.

unnamed (1)

- Президенттің жоспары  «100 нақты  қадам» деп аталады. Бұл жоспар – «Жаһандық және ішкі сын – қатерлерге жауап беретін, жаңа тарихи жағдайларда Қазақстанның алдыңғы қатарлы дамыған Әлемнің отыз мемлекеттерінің қатарына кіруі жөніндегі жоспары» екендігі атап көрсетілген. Бұл жоспарда «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «есеп беретін мемлекетті қалыптастыру»  деген сынды бірнеше бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 қадамы айқындалған. Жоспардың бірінші бөлімінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі қарастырылған.  Біздің М.Әуезов театрыда мемлекеттің академиялық театры  болғандықтан біздің барлық қызметкерлер де мемлекеттік қызмет санатына кіреміз. Сондықтан, бұл жоспардың Сіздер үшін де маңызы жоғары деп есептеймін,-дей келе, Е.Біләлов ресми құжаттың басты бағыттарын, Елбасының негізгі ұстанымын баяндады.

unnamed (2) unnamed (4) unnamed

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар