Элизабет Тұрсынбаева Ресейде "Чемпионы на льду" шоуына қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
Краснодар қаласында Ресейдің Еңбек сіңірген жаттықтырушы Этери Тутберидзенің "Чемпионы на льду" атты шоуы өтті. Қатысушылардың ішінде олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Алина Загитова және Александра Трусова мен Анна Щербакова және Тутберидзенің шәкірттері: Алена Косторная, Камила Валиева, Даниил Самсонов, Софья Акатьева және шақырылған қонақтар Максим Ковтун, Евгения Тарасова, Владимир Морозов, Виктория Синицина, Никита Каналапов, Александра Степанова, Иван Букин болды.
Бұл шоуға 2019 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда төрттік сальховты орындаған тұңғыш қазақ спортшысы — Элизабет Тұрсынбаева да қатысып, ол өзінің нөмірін Денис Тенге арнады.
Еске сала кетсек, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева биылғы жылғы Жапониядағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған болатын. Сөйтіп, ол әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық қыз ретінде тарихта қалды.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру