Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко келесі айда тақты босататынын және бұл жағдайды қалыпты түрде қабылдайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, ол өзінің әзірше үлкен саясаттан кетпейтінін айтқан.
"Экзит-полл нәтижелерін көре отырып, мен өзімнің қарсыласыма телефон соғып құттықтай беруге болатынын түсіндім", - дейді ол.
Дәл қазір Украинадағы президент сайлауының екінші бөлімі аяқталып, қорытынды шығуға жақын тұр.
Президенттікке үміткер – Володимир Зеленскийдің жинаған дауысы әзірге 72,7 пайызды құрауда. Бұл – жеңіске бастайтын көрсеткіш.
Пікір қалдыру