«Ана мен бала» журналы қайырымдылық акциясына шақырады

/uploads/thumbnail/20170708181031342_small.jpg

1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық акциясы

«Ана мен бала» журналы – Қазақстан Республикасы бойынша таралатын, жанұяға,  ана мен баланы қорғауды насихаттауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған, еліміздің басты стратегиялық бағыттарын қолға алған, тұңғыш бірегей отбасылық танымдық журнал.

Журнал ұжымы «ТурМедиа» медициналық агенттігінің демеушілігімен 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Ана мен бала» журналы Алматы қаласындағы №1 БАЛАЛАР ҮЙІнің тәрбиеленушілеріне естен кетпес естелік қалдыратын шара ретінде қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды қолға алуда. Шараның басты мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңілді күн, қуанышты күй сыйлау. Ұстанымы – «Жетім көрсең, жебей жүр».

Шараның өтілу барысы:

- балалармен  музыкалық, танымдық және көңілді ойындар ойнатылады;

- елімізге белгілі өнер азаматтары(Ермек Балжігіт, Айқын Төлепберген, Сырым Исабаев) ән шырқайды;

- «Нұр академия» балаларды дамыту орталығы ең қызықты логикалық роботтехника құрастыру сағатын ұйымдастырады;

- сонымен бірге балалардың жүрегінен шыққан тілектерін жеткізетін «Күн нұры» атты шығармашылық жұмыс өткізіледі деп күтілуде.

Акция 1 маусым күні, сағат 10:00-де, Орбита-3 ықшам ауданы, Сайын/Рысқұлов көшелерінің қиылысы, Алматы қалалық №1 балалар үйінде өтеді.

Байланыс: 87026489715, 87077156233

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар