Енді еріктілердің де онлайн-платформасы жұмыс жасайды

/uploads/thumbnail/20190430104322878_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша qazvolunteer.kz функционалдық онлайн-платформаның тұсаукесері өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Онлайн-платформаның функционалдық мүмкіндіктері волонтерлерге жаңа бастамаларды іске асыруға, өз қызметі туралы ақпаратты ашық қол жеткізуге, жобаларды және іс-шараларды ұйымдастырушыларға волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарды табуға мүмкіндік береді", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова.

Qazvolunteer.kz онлайн-платформасы арқылы елдегі өткізілген және жоспарланған іс-шаралар т. б. туралы ақпараттар алуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, платформада өткізілген жұмыстың қорытындысы бойынша волонтерлердің рейтингі қалыптастырылатын болады.

Әлия Ғалымованың айтуынша, Қазақстандағы еріктілер азаматтық белсенділіктің кең тараған формаларының бірі болып табылады.

Онлайн-тұғырнаманы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ-мен бірлесіп әзірледі.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 200-ден астам волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істейді. Еріктілер қозғалысымен 50 мыңнан астам адам қамтылған.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар