«Тақтар ойынының» жалғасы қандай болмақ?

/uploads/thumbnail/20190506120454938_small.jpg

Жазушы, әйгілі «Тақтар ойынына» арқау болған «Мұз бен жалынның әні» романының авторы Джордж Мартин, әйгілі шоудың әлі де жалғасы болатынын (үш спин-офф) мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vm.ru сайтына сілтеме жасап.

Автор, қазіргі таңда кинотуындының жалғасына негізделген бес жоба қарастырылып жатқанын атап өтті. Алайда Мартин ішіндегі үшеуіне ерекше мән беріп отыр. Өйткені ол нұсқалардың жұмысы жақсы жүріп жатқан көрінеді.

Жазушы өзінің ресми сайтында кинотуындының жалғасы туралы толығырақ жазғысы келмеген. Мартин әйгілі роман мен сериалдың жанкүйерлеріне «От пен қан» туындысын алып, өздерінің жеке болжамдарын жасауды ұсынған.

Жобаның бірі қызу дайындық үстінде. Оған «Ұзақ түн» деген атау берілген. Спин-оффтың оқиға желісі әйгілі сериалда көрсетілген оқиғалардан бұрынғы тарихты баяндайтын болады.

Сонымен қатар, Джордж Мартин жобаның алғашқы жалғасы 2019 жылдың соңында басталуы мүмкін екенін атап өтті. Кинотуындының режиссері С.Дж.Кларксон болмақ. Ол «Декстер» және «Доктор Хаус» сериалдарымен танымал режиссер. Жалғасы болатын басқа жобалар туралы толық мәлімет әзірге айтылмайды.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда «Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымы көрсетіліп жатыр. Әйгілі сериалдың алғашқы маусымы 2011 жылы қалың көрерменге жол тартқан болатын.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қатысты Мақалалар