Шымкентте балаларға арналған алғашқы көрме ашылды

/uploads/thumbnail/20170708181058625_small.jpg

 

 

001

Бала - біздің болашағымыз Өмірдің ең бір қызығы, ол - тәлім - тәрбие беру Әл - Фараби Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, - десе, Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында: « Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Ал тәрбие дегенге М. Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен. Сонда бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы қалыптасатын күрделі іс. Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқандарынан түйгеніміз - қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым - профессор Б. Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» - деген мәтел бар. Осыны жақсы түсінгендіктен де ОҚО бала тәрбиесіне бағытталған түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Соның бірі  Шымкентте балаларға арналған көрме өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға балалар ойнайтын ойыншықтан бастап киім-кешекке дейін қойылған. Көрмеде отандық тауар өндірушілер мен қоса шетелдерден әкелінген өнімдер орын алған. Отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараны тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Ұйымдастырушылар бұл көрме жергілікті іскерлердің әріптестік байланыс орнаутына жол ашып, саладағы түйткілді мәселелерді ортаға салуға мүкіндік береді дейді.

Қатысты Мақалалар