"Бал өнер — 2015″ балалар байқауы өз мәресіне жетті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 

Балалар театры байқауының қатысушылары

 

Оңтүстік Қазақстандағы оң қадамдардың бірі – бүлдіршіндерді жан-жақтылыққа баулуға бағытталған мәдени іс-шаралардың жиі ұйымдастырылып келетіндігі. Әсіресе талантты балалардың өнерін ұштауға, желкенін үрлеуге бағытталған тағы бір керемет шара «Бал өнер — 2015″ балалар және жасөспірімдер театр ұжымдары» байқауы ұйымдастырылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Бүгінгі бүлдіршін–ертеңгі тұлға. Сондықтан қашанда да болса бала құқығы сақталуы тиіс. Жаздың жаймашуақ күнінде тойланатын балалар мерекесінде біз алдыңғы буын өкілдері балаларға қуаныш сыйлау мүмкіндігіне ие боламыз. Өнер аспанында қалықтауды армандайтын «Айгөлек» байқауына қатысушы өнерпаздарға ақ жол тілеп, өнерпаздарғабаға беруші әділқазылар алқасын сайлап алып, байқауды бастап кетті. Шымкенттегі оқушылар сарайында «Бал өнер — 2015″ балалар және жасөспірімдер театр ұжымдары арасында байқау өтті. Сайысқа 5-21 жас аралығындағы үміткерлер қатысқан еді. Үміткрелердің арасында арнайы театр ұжымдарында кәсіби білім алатын шәкірттермен қатар білім ошақтарында оқитындар да бар. Жарыс барысында «Шаттық», Кәусар бұлақ», «Балауса», «Ай-талант» театр ұжымдары өзара сайысқа түсті. Жас өнерпаздар «Жеті лақ», «Жаңа жыл жақсылықтары», «Екі лақ» сынды халық ертегілерін сахналаумен қатар Д.Исабековтың «Киелі алма», Н.Гарнеттің «Балапан және оның достары» атты туындыларын да көременге тарту етті. Әділқазы мүшелері жас театр әртістерін түрлі бағыттар бойынша бағалады. Басты талап  — қатысушылардың өзін-өзі сахнада ұстауы, көрерменді сендіре алуы, әртістік қабілеті. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені «Формат Е» мектеп-студиясының мүшелері жеңіп алды. Жетекшісі — Ерлан Әуесбаев. Ал бірінші орын «Ай-таланттың» бүлдіршіндеріне бұйырды. Оқушыларды театрға баулу, көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған байқау осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Қатысты Мақалалар