Трамп: Бұл Қытай үшін қауіпті...

/uploads/thumbnail/20190514090309073_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп 13-мамырда Қытайға америкалық тараптың тарифтерді көтергеніне өштеспеуі қажеттігін айтты және «Пекин келісімге келмесе, зардап шегетінін» атап көрсетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Сонымен қатар, Қытай 1-маусымнан бастап 5% -дан 25% -ға дейінгі өсім аралығында АҚШ-тан  60 млрд  доллар баж салығын алу керектігін айтқан.  

–АҚШ-та тұтынушылар үшін Қытайға баж салығын төлеудің ешқандай себебі жоқ...  Қытай қарсы келмеуі тиіс. Себебі бұл олар үшін қауіпті болуы мүмкін!, - деді Америка президенті Дональд Трамп өзінің Твиттер желісіндегі парақшасында.

Нарықтағы кедергілердің барлығын жою үшін Қытайға қарсы тарифті барынша өсіріп, импорттың азаюын қамтамасыз ету жұмысын президент өзінің сауда өкілі Роберт Лайтхайзерге тапсырды. 

Аударған: Бек Байтас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар