Еуропаға ядролық қаруды орналастыру алу үшін ядролық қаруы жоқ мемлекеттердің рұқсатын алу қажет деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме жасап.
Вашингтон ядролық қаруды континентке орналастыру үшін оны қолдануға дайындауда,- деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрлігінің қаруды бақылау департаментінің директоры Владимир Ермаков. Дипломаттың айтуынша, осының бәрі АҚШ-қа тәуелді, дамушы мемлекеттерге үгіт-насихат жүргізуден басталмақ.
–XXI ғасырда Еуропа аймағында ядролық қаруы жоқ мемлекеттердің келісімімен ядролық қаруды қолдануға дайындық басталды, - деді Владимир Ермаков.
Қаруды бақылау департаментінің директоры қауіпті шараны ұйымдастырып отырған билікті «Қауіп-қатерге бас тіге бермеңдер»- деп сынға алды.
Ермаков Ресейдің ядролық қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды талап ететінін, ядролық қаруды таратпайтынын басшылыққа алатынын атап өтті.
Аударған: Бек Байтас
Пікір қалдыру