ҰБТ: Грант бөлуде қазақ тілділер неге қалыс қалуы тиіс?

/uploads/thumbnail/20170708181220338_small.jpg

Бүгін Қазақстанда мектеп бітіруші түлектер арасындағы  «ҰБТ» сынағы  басталды. Ұлттық тестілеу орталығының таратқан ресми деректерге сүйенсек, биыл  ҰБТ – 2-8 маусым аралығында жалғасатын болады. Оған қатысуға 87782 мектеп бітіруші өтініш білдірген. Бұл  мектеп бітірушілердің жалпы санының 71%-н құрайды. Оның ішінде 62384 қазақ тілінде, 25398 орыс тілінде тест тапсырмақ.

Төмендегі кестеде тестілеу күндері, ҰБТ өткізу пунттері, тестілеуге қатысушылар саны мен қазақ және орыс тілді оқушылардың реттік көрсеткіші:

Тестілеу күнінің реттік нөмірі Тестілеу күндері Тестілеуді өткізу пункттерінің саны Тестілеуге қатысушылар саны
барлығы қазақша орысша
1-күн 2 маусым 2015ж. 48 19999 14263 5736
2-күн 3 маусым 2015ж. 59 19325 13527 5798
3-күн 4 маусым 2015ж. 61 19872 13404 6468
4-күн 5 маусым 2015ж. 50 15177 10282 4895
5-күн 6 маусым 2015ж. 22 8213 6573 1640
6-күн 7 маусым 2015ж. 11 3269 2592 677
7 день 8 маусым 2015ж. 3 1927 1743 184
БАРЛЫҒЫ: 87782 62384 25398

Сонымен, ҰБТ басталды. 11 сынып бітіруші түлектерге білім гранттарын тапсыру туралы республикалық конкурстық комиссия өз жұмысына кірісті. Жаңалық көп-ақ. Ал биыл барлығы 87 мыңның үстіндегі оқушы мектепті тәмәмдаған. Сондай-ақ, биылғы ҰБТ сұрақтарының 30 пайызы толықтай жаңартылған. Яғни 21 200 сұрақ толықтырылған және Республика көлемінде 2000-ға жуық Министрлік өкілдері бақылаушы болмақ.

Бірақ, бір қарапайым әрі өзгеріссіз мәселе бар. Ол- білім гранттарын қазақ және орыс тілділерге бөлудегі әділетсіздік. Жұрттың ҰТО мәлімдемесіне сенгісі жоқ. Сенбейтін «алиби» де жоқ емес. Ресми деректер биылғы тест тапсырушылардың 70 пайыздан астамы қазақ тілді мектеп түлектері екендігін көрсетеді. Бар болғаны 20 пайызға жуық оқушы орыс тілінде тес тапсыруда. Ал білім гранттарын бөлуге келгенде біздегі қатып қалған 60x40 пайыздық принцеп. Яғни,  87 782 мектеп бітірушілердің ішінде қазақ тілділердің тек 60 пайызы ғана грантқа түсуге мүмкіндігі бар да,   орыс тілді 25 398 оқушының 40 пайызы (яғни, толығы) жоғарғы оқу орнына түседі деп жоспарланған. Мұның себебі де айқын. Өйткені орыс  мектебінің түлектерінің басым бөлігі ҰБТ-ға қатыспайды. Олар, әдеттегідей, мектеп тәмамдаған соң, Ресейге аттанып, ЖОО орыс бөліміне түседі. Бiрақ соған қарамастан мемлекеттiк бiлiм грантының пайыздық үлес салмағы - 60x40 қалпынан таяр емес. Бiз бұл мәселе жөнiнде бiрнеше жылдан берi дабыл қағып келе жатқанымызбен, одан өнер нәтиже жоқ.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар