Астанада өтетін «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» атты ауқымды шараға қатысты әлеуметтік желілерде сыни пікірлер айтылып, оған «мәдени экспансия» деген баға берушілер табылды. Әсіресе, журналистер қауымы бұл тақырыпты қызу талқылап, өз көзқарастарын батыл білдіріп жатыр. Мәселен, Алмас Алтай есімді белгілі журналист фейсбуктағы жеке парақшасында Қыдырәлі Болманов, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев сынды танымал әнші, продюсерлерге арналған жазба қалдырып, жауап берулерін сұраған еді. Көп уақыт өтпей Сәкен Майғазиев есімді қолданушы фейсбукте журналистерге арналған жауап қалдырды. Онда былай делінген:
«Қымбатты төртiншi билiк өкiлдерi!Даттарыңыз орынды. Сауалдарыңыз салмақты. Жауап береміз, Қазақ үшін сөйлеуден тартынған кезім болған емес. Премияның өзіне әуелден қарсымын, МузАРТтың атынан айтайын, Біз БАРМАЙМЫЗ! Премиясы өзіне, ол Қазақтың МузАРТқа деген махаббатынан биік емес. Қазақтың мәдениетін, халықтық музыкасын, дәстүрлі әнін дәріптеу, міне, Бізге осы абырой! Ойлаңызшы, «Гәкку» телеарнасы Бакуге, Тбилисиге, болмаса Варшаваға барып осындай шара жасай алар ма еді? Олар кіргізбейді. Аумақ, территория, әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар. Менің, МузАРТтың айтары мынау: Қазаққа пайдаң тимесе, жөніңе жүр, зияның тимесін!» (https://www.facebook.com/saken.sozak?fref=ts)
aynaline.kz