Жезөкшелікті заңдастыру мынадай «жыныстық ауруларға» жол ашады...

/uploads/thumbnail/20170708181255773_small.jpg

Жезөкшелік – қоғамның ең қауіпті дерттерінің бірі.  Тәуелсіздік алғалы бері біз осы дерттің алдын алмай,  асқындырып алған сыңайлымыз. Енді міне емін іздеп әлекпіз. Бүгінгі ұрпақтың теледидардан көретіндері реалити-шоулар, интернеттен көретіндері порнофильмдер, көшеден көретіндері секс-шоптар. Өркениетті қоғам қалыптастырамыз деп жүргенімізде  ұл-қыздарымыз тура жолдан тайып барады...  Осыған сәйкес соңғы кездері жезөкшелікті заңдастыру мәселесі де күн тәртібіне  қойылатын болып  жүр.

  Тарихқа жүгінсек, Жаңа өсиеттегі (Евангелие) «Заттарды ортақ ұстау» арқылы Ресейде Патша өкіметі құлағаннан кейін осы уағыздың ізімен барып коммуналар құрылды. Коммунаға біріккендер орыс елінде «жыныстық төңкеріс» (сексуаальная революция) жасап, коммуна ережесіне сай енді бәрін ортақ етеміз деп, әйелдерінде ортаға салды. Елде қан ауруы (вензаболевание) жаппай орын алды. Революция «көсемдерінің» талайы осы аурудың құрбаны болғаны кезінде аз жазылған жоқ. Көп ұзамай-ақ, бұның ешқандай негізсіз шала басталған іс екендігі және оның Адам қолымен, яғни Ібілістің ұрпақтары қолымен ұйымдастырылғаны айқын болды. Міне өздеріңіз көріп отырғандай миллиондаған адамның өмірін жалмаған Орыс революциясы мен Кеңес билігінің идеологиясы осылай басталып, осылай іске асқан болатын. Бұл жерде орыс халқы «сынақ алаңы» болды, яғни «үй қояны» мен «тышқанның» ролін атқарды. Жалпы ғылымда, сынақ осы екеуіне көп жасалады.

Қан ауруы демекші, Еуропада ең көп тараған қан ауруларының бірі «сифилис». Бұл ең ежелгі қан ауруларының қатарына жатады. Өте жұқпалы, бей-берекет жыныстық қатынастан тарайды. Еуропада сифилис жайлы жазылған жырлар көп. Соның бірі Паруан университетінің профессоры, дәрігер, астроном және ақын Джараломо Фракасторо (1483-1553) сифилис атауын Сифил деген шошқа бағушының Құдайдың қарғысына ұшырағанынан болғанын жырға қосқан.

«Әлем елдерінде әсіресе Еуропа, Америка, Ресейде бұл аурумен ауырғандар өте көп. Мысалы, Рим папалары Александр Ү1, Юлий 11, Лев Х1 және әйгілі француз ақыны Француа Виион. Плутарий мен Гарацкийлерде Рим императорлары Октавиан мен Таберияда да осы аурудың айқын белгілерінің болғанын жазған. Бұл аурумен Еуропаның ең әйгілі адамдары Мопассан, Иван Грозный, Некрасовтар ауырған.

 Еуропада бұл ауруды Галл ауруы (Франция) деп те атайды. Бұл атауды оларға бергендер испандықтар. Германдар да сифилистің отанын Франция деп санайды.

Ресейде соңғы он жылда сифилис 40 есеге өскен, әрбір 100 мың адамға шаққанда 177 адамнан келеді. Америкада 36 адамнан. Ресей қазір бұл аурудан бүкіл әлем елдерінің ең алдына шыққан.

Ресей дәрігерлері орыс қалаларында бұл аурудың мұсылмандар мен иудейлер арасында өте аз кездесетінін, бізде солар сияқты ерте үйленіп, аз қыдырғанымызда, біздегі сифилис мәселесі өз-өзінен шешілген болар еді деп жазады» (С.Ардеева, С.Дробышева, А.Никонов, Е.Сенюшина «Друзя и враги Венеры».

Оның алдында орыс дәрігері (акушер-гинеколог) Дмитрий Андреевич Красножон өзінің «Змейная болезн» деген мақаласында: «Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігінің есебі бойынша Ресейдегі «сифилис» жағдайы жан шошырлықтай. Егер 1990 жылы бұл аурумен әрбір 100 мың адамның тек қана бесеуі ауыратын болса, 1997 жылы бұл көрсеткіш 255-ге жеткен, яғни 55 есе өскен (405 000 адам жұқтырған). Бұл ауру ер адамға да, әйел адамға да бірдей жұғады. Есептік көрсеткіштің жалпы санына Ресей халқының бәрі түгел кірген, яғни бұл есепке сәбилер де, қариялар да кіреді деген сөз. Бұл ауру жыныстық қатынасқа қабілетті ресейліктердің арасында бұдан да жоғары екендігі сөзсіз» — делінген. (www.lood.ru).

Әлемдік БАҚ есебі бойынша:

        «Жыныстық қатынаспен берілетін жұқпалы аурулардың (Инфекции, передаваемые половым путем (ИППП) саны:

         — Күн сайын 1 млн. астам адам ИППП жұқтырады.

         — Жыл сайын 500 млн. адам ИППП-ның төрт: хламадиоз, гонореей, сифилис және трихомониаз ауруларының біреуімен ауырады.

         — 530 млн-нан астам адамның бойында «генитальный герпес (ВПГ-2)» ауруының вирусы бар.

         — 290 млн-нан астам әйелдерде «вирус папилломы человека (ВПЧ)» ауруымен шақырылатын инфекция бар.

         ИППП-ның көпшілігі адам бойында жасырын өрбиді, яғни аурудың айқын белгілері байқалмайды.

         Кейбір ИППП-лер ВИЧ ауруының жұқтырылуын 3 немесе оданда көп есе жоғарылатады.

           ИППП-лердің зардабы адамға өте ауыр із қалдырады, олардың зияны тек қана сенің өз қара басыңа емес, бұл инфекциялар, созылмалы күйде анадан сәбиге де беріледі.

           Егер адамдар бұл аурулармен жиі ауырып, дәріні жиі пайдаланып, дәріге төзімді болып кетсе бүкіл әлемде ИППП аурулары, әсіресе гонорей ешқашан азаймайтын болады (Информационный бюллетень N°110. Ноябрь 2013 г. Основные факты).

Тарихқа қарап отырсақ, Еуропаға осы жұқпалы аурудың ең екпінді қарқынмен тарауы 1812 жылғы француз, 1905 және 1917 жылдардағы орыс революцияларынан (төңкерістерінен) кейін болған. Еуропа мен «ұлы» орыс елінде бұл аурудың жаппай орын алғаны соншалық, революцияны жан-тәнімен беріліп жақтаған жандарды жалмауыздай жалмады. Басқаларын былай қойғанда, олардың ең көзі ашық, сауатты, білімді интелгенциясының өздері де: неміс композиторы Людвиг Бетховен, Полшаның пианист-композиторы Фредерик Шопен, неміс философтары Фридрих Ницше мен Артур Шопенгауер, Орыс ханшайымы Екатерина 11, 1913-1921 жылдардағы америка президенті Томас Вильсон, ирланд ақыны және драматургі Оскар Уайльд, француз ақыны Шарль Бодлер, орыс жазушысы Александр Фадеев, ақындары Сергей Есенин, Владимир Маяковский, Мария Цветаевалар т.т.) осы аты жаман аурудан зардап шегіп, көбі осы аурудың құрбаны болған.

  Жақында британ тарихшысы Хелен Раппапорттың «Конспиратор: Ленин в ссылке» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Ол осы еңбегінде орыс революциясының көсемі В. Лениннің нейросифилис ауруынан көз жұмғанын дәлелдеген. Ол мұндай қорытындыны 1904 жылғы медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, әйгілі орыс ғалымы, профессор Иван Павловтың (1849-1936) қалдырған деректеріне сәйкес жасаған. Оның айтуынша, мұны Кремл дәрігерлерінің бәрі білген, бірақ оларға кезінде мұны жариялауға тыйым салынған. Раппапорттың тұжырымы бойынша Ленин бұл ауруды 1902 жылдары Париж жезөкшелерінен жұқтырған көрінеді.

Жалпы, христиан дініндегі патшалық Ресейде «әйелдердің жеңіл жүріспен табыс табуы» мемлекеттік деңгейде рұқсат етілген болатын. Төңкеріспен дүниеге келген «Коммуна» кезінде Кеңес үкіметімен жарияланған «Әйел теңдігінен» кейін бұл «ауру» бұрынғыдан да қатты асқынды.

Осы кезде орыстың пролетар ақыны В.Маяковскийдің «сифилис» деген өлеңі жарыққа шықты: «По скверам, где харкает туберкулез, где б…ь с хулиганом да сифилис…» деп жазды ол.

Орыс интелгенциясының көзін жоюда Кеңес билігі де «сифилистен» қалысқан жоқ. Орыс ақындары Пушкин (37 жасында), Лермонтов (26 жас), Гумилов Н. 35 жас т.т.) адам қолынан опат болды. Қысқасы, орыс революциясы орыс елінің ежелгі ұлы мәдениетін, бірнеше ғасырларға «кейін» лақтырып тастады. Олар алпыстағы дана қариядан, алты жасар балаға айналды. Шындығында да, бұл дәл солай болды. Әйтпесе, олар адам баласының атасы «маймыл» дегенге сеніп, мектеп оқулықтарына (Дарвин ілімі) осылай деп жазар ма еді.

 Олардың қазақ үшін қарапайым ғана қағида, Ұлы Жаратушы – Алланың адамнан басқаға сана бермегендіктен, маймылдың (айуанның) ешқашан адамға айнала алмайтынына саналары (білімі мен ақылы) жетпеді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда да мемлекетіміздің орыс тілді билік иелері, тіл және тарих ғылымдарының саналары (ақылы мен білімі) жетпей келеді.

Міне бізге тура осы жерде Қазақ мәдениетімен Еуропа (орыс) мәдениетін салыстырудың реті келіп тұр. Қазақ, жалпы мұсылман елдерінің ешқайсысында мұндай «проблема» жоқ. Күні кешеге дейін қазақ халқында, яғни орыстар жаулап алғанға дейін мұндай «жаман» ауру болмаған. Олар мұндай аурудың бар екенінде білмеген. Құрметті оқырман! Еске ұста! Бұл аурудың қоздырғыш күші «жеңіл жүріс», яғни бей-берекет жыныстық қатынас болып табылады.

Бұл аурудың алдын алу жолдарына келсек, біз үшін мұның еш қиындығы жоқ. Атам қазақтың Ата салтын ұстансаң жарап жатыр. Онда былай делінген. Адам баласы ештеңеге асықпау керек. Жалғыз-ақ, асығуға тиісті бір нәрсе бар. Ол ұл-қызыңды кәмелетке толған бойына теңін тауып тез үйлендіру деген. Ол сені тек қана сифилистен емес, кез-келген «жамандықтың» бәрінен (ұл-қызың түнімен қаңғымайтын болғасын, барлық пәле-жаладан аулақ болады) аман алып шығады. Бұған күмәндарың болмасын.

Ал қазір, ал қазір, біз бұл мәселені тек қана жастардың өздерінің мойындарына жүктеп тастадық. Соның салдарынан соңғы жылдары 30-40 жасқа келгенше үйленбей жүріп алатындар тым көбейіп барады. Бұл жаман әдет келешекте қазақ халқын ең үлкен кесапатқа, яғни денсаулықтың нашарлауына, дүниеге ақыл-есі кемтар балалардың көптеп келуіне және халық санының азаюына әкеліп соғатын болады.

Жастардың ертерек үйленіп, үй болуы халық санының көбеюіне және оның сапасының жақсаруына негіз болады. Атам қазақ, 13-ке толған қызды да, ұлды да отау иесі деп тәрбиелеген. Жастардың уақтылы үйленуі, тіпті олардың ертерек үйленулерінің өзі де, олардың 30-40 жасқа дейін үйленбей жүріп алуларынан, немесе тіпті үйленбей қалуларынан (қазір ондайлар өте көп) мың, миллион есе артық.

Заңдастыру деген сөз біздің ата дініміз «Исламға» да қарсы дүние ғой. Патшалық Ресей мен Еуропада болған жағдайлардан сабақ алсақ жөн емес пе? Атам Қазақтың «»Ақылды адам өзгенің, ақымақ адам тек қана өзінің қателігінен қорытынды шығарады» дегенін де басшылыққа алсақ әдемі үйлесіп кетпей ме? Егер біз оны елімізде заңдастырар болсақ, олардың саны бұдан он, жүз, мың, миллион есе көбейетін болады.

Ал, енді содан кейін не болатынына келсек, дүниеге кемтар, ақылсыз-ақымақ, жарымес, милау, баскесер, нашақор, алқаш, ар-ұяттан жұрдай, ата сыйлауды, ана сыйлауды, аға сыйлауды, өзінен жасы үлкенді сыйлауды білмейтіндер, ата-аналарын қарттар үйіне тапсыратындар, парақорлар, жалақорлар, жебірлер, яғни айуаннан (маймылдан) тек қана тезегі басқа ұрпақтар көптеп келетін болады. Оларды кейін қамайтын орынды да жетістіре алмайтын боламыз. Қазір Англияда 97 000 адамдық түрме бар. Тағы салып жатыр. Франция да 57 000 адамдық түрмеге адамдар сыймай, олар оны екі есеге көбейту керек деп жатыр. Бізде де 50 000 орынға сыймай жатыр. Осылардың көбі қазірдің өзінде арамызда өріп жүр.

Тарих тағлымы:  Бұл тығырықтан шығудың жалғыз ғана жолы бар. Ол «Адамды Құдай жаратқан жоқ, адам баласы маймылдан жаратылған, яғни қазақтың атасы маймыл» деген Дарвиннің сандырағын мектеп оқулықтарынан алып тастап, Атам Қазақтың Ата салты мен дәстүріне, әдеті мен ғұрпына, ділі мен  дініне қайта оралу. Қанымызда бар дүние ғой, сондықтан ол бізге аса қиынға түспесе керек.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

Маңғыстау

Қатысты Мақалалар