Құрсағынан қатал боп түсіппе еді, Көзін ашпай жатып-ақ күшік-Бөрі. Енесінің бауырын тырмалайды, Көкбөрінің көктарғыл күшіктері. Төңіректің бәріне еті өлген соң, Айналсоқтап ұзамай мекеннен сол. Күні-түні маңайын тімтінеді, Көзін ашып бауырын көтерген соң. Сынағынан кей күні өте алмай жүр, Анасына бойы да жете алмай жүр. Оңын-солын танымай арсалаңдап, Апанынан алысқа кете алмай жүр. Қозыны әкеп өрістен тартып соғып, Енесі отыр жотаны бағып шолып. Ас ғып жерде әлгіні қомағайлар, Ожар мінез озбыры артық соғып. Жетпегенмен түйеге атқа халі, Кішігірім бұзауға қаптал әлі. Бірі алқымнан жабысып бірі аяқтан, Жалма-жанда тұр бәрі қаптағалы. «Қасқыр туар қасқырдан» сөз бар мұның, Дәлеліндей байқалмай енжарлығы. Ашуланса азуын ақситатын, Атасынан да артылар «Көкжалдығы».
Арланның азасыМен бір бейбақ көк аспан астындағы, Күн көрісім –бір асар астың қамы. Екі аяқты пенденің көңілінде, Жалғыз ойы- бір маған қас қылмағы. Көктен тілеп жүрсем де несіп алдын, Қарауылына ілігем есі бардың. Тәңірімнің бұйыртқан асын жермін, Одан өзге пенденің несін алдым. Тексіз тірі «ит құс» деп безінеді, Киелінің көреді көзі мені. Атым аңыз Бөрімін Ал сондықтан , Қайда барсам қазған көр кезігеді. Жазылған ба жазмыштан бетке күнәм, Тұла бойым тұтады кекке тұлан. Қия бассам құсалы күй кешемін, Жерде- қақпан ,тауда-аңшы , Көкте-қыран. Арандасам да азумен шайнап бірді , Сескенсе де сесімнен аймақ күллі. Жерік жандар түсімде топтарымен, Жүрегімді тірідей шайнап тұрды. Қуанышқа ызалы ауысып ән, Қан жұтады Көкшулан, сау, іші қан. Сом жүрегім қайғырып,түршігеді, Қолды болған бөлтірік дауысынан. Кек кернеген бойымды жара ғып кіл, Көкжиегін көңілім нала ғып құр. Содырлармен соғыста жаным қалып, Көкірегімнен ашудың қаны ағып тұр. Жазылғандай күн емес, бағыма түн, Салауатыма сойқан күш бағынатын. Қайран күндер-Туы етіп көкке өрлетіп, Құдыретіме «КӨК ТҮРКІ» табынатын.....
Қолды болған бөлтірікОсыншама не жазыпты туылып, Бұл бейшора көзі мұңға жуылып. Ізіін аңдып екі аяқты жырқыштар, Іннен алды ыңырсытып суырып. Қорықпайды, қаймықпайды, саспайды, Итше үрімес жағын да көп ашпайды. Жаратылыс жақын барған жандарға, Жақындамас жынысын да қоспайды. Тәуекелге алғандайын бел буып, Шынжырлаған темірдей боп суынып. Ананы ойлап арман күні алыстап, Даланы аңсап апшысын да қуырып. Қайратына қайрап іштей шыдамын, Сүлкін түспей ,іштей ұзақ тынады. Айналасы бұған қарсы жанарлар Не істерін сезе ме ,екен бұлардың Құсалының қайғысын да кім ұқпақ, «Тереңдесе іштей керең түн ұқпақ» Іштен сырттан жүрген қызық құмарлар, Суретін де тартып жатыр қызықтап. Босатпақ боп іздеп амал орайын, Таппақ болып ебін келсе қолайын. Тиіспей осы өңірдегі мал-жанға, Енесі жүр торуылдап маңайын Қаталдарға жүрек қалай жылиды, «Торыққанға қарап жалқы ай қылиды» Жан-жануар безінгенде атынан, Сүйеніші көкке қарап ұлиды.
Баян-Өлгей қаласы