«Хаффингтон Пост»: Көп өтпей ұшатын мотоциклдер жерде жүретін көліктердің орнын басады (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170708181347396_small.jpg
 

Ұшатын мотоциклдер 2017 жылы сатылымға шығарылады.

Ғылым мен техниканың ұшқан құстай тез дамуы көптеген қиялдарды шындыққа айналдыруда. Голливудтың әйгілі «Жұлдыздар Соғысындағы» таңғажайыптарді енді өмірде көретін боламыз. Әлем ғалымдары ұшатын мотоциклдерді бірінен кейін бірі жарыса жасап, көпшілікке жариялап үлгерді. Өткен жылы Aerofex компаниясы 3,7 метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына жетпіс километр жылдамдықпен қозғалатын ұшқыш мотоцикл жасағанын айтып, тіпті Калифорниялық компания «Aero-X» атты ховербайктың( ұшатын мотоцикл) 2017 жылы сатылымға шығатынна дейін жариялап тастаған еді. Енді, міне, бесінші маусым күні « Хаффингтон Пост»: « Венгрия ғалымдары «Flike» атты ұшатын мотоцикл жасап ұшырды. Алты ротор арқылы ауада емін-еркін қозғалатын «Flike» 240кг жүкті көтеріп ұша алады»,-деп жазады. «Енді адамдардың жекелей ұшу транспортына ешқандай күдік-күмән тумайды»... «...қайда барғың келсе сонда бара аласың, жолдың, тау-тастың т.б кедергілеріне ұшырамай діттеген жеріңе ховербайкпен жетесің»,-дейді батыс ақпарат құралдары.

aerofex-aero-x-hoverbike-640x353

Ал, «Хаффингтон Пост» жақын болашақта түбегейлі транспорттық өзгерістер туатынын меңзеп: «көп өтпей баска көліктердің барлығының орнын ховербайктер басады»,-деп жақын болашаққа болжам жасап отыр.

https://youtu.be/akA-B64RACU

Ағылшын тілінен аударған: Талғар ДӘЛЕЛҒАЗЫ

Қатысты Мақалалар