Жаздың басы бастала мектеп бітірушілер үшін маңызды сәт басталды. Еліміздің барлық аймақтарында мыңдаған талапкер ҰБТ сынағынан өтуде. Жыл сайын болатын бұл жағдай өз дәстүрінен жаңылған жоқ. 2015 жылы ҰБТ ережелеріне өзгерістер енгізілді. Жалпы биыл ҰБТ 2-8маусым аралығында болады. 6 маусым ҰБТ-ның 5-күні болды. Дәл сол күні "Қамшы" тілшісі Алматыдағы тест пунктерінінң бірінде болды. Мұнда таңертең балаларын тестке шығарып салған ата-ана түске дейін сарыла күтті. Біреулері пункт алдында болса, енді бірі экранға телміре қарап баласының әр іс-қимылын бақылады. Ал экранда бақылаушы қанша қадағаласа да түлектердің ереже бұзушылықтары көрініп жатты. Сонымен 3,5 сағат аяқталуға таяп қалды. Түлектердің қарасы да көріне бастады. Талапкерлердің бірі күліп, бірі жылап шыққанына қарап тест сұрақтары күрделі болды ма екен деген ой келді. Ал талапкерлерінің бірі Диляра: «ҰБТ маған қатты қиын болмады. Себебі сұрақтардың көбісі өзіме таныс болды. Ал математиа пәніне келетін болсақ, мектепте өзім шешіп жүрген байқау( пробный) тесттің есептеріне ұқсайтын есептер болды»-, дейді. Алайда бұдан өзге тесттен көңілсіз шыққандар да бар. Олардың сөздерінен түсінгеніміз біреуінде уақыт жетпей қалса, енді біреулеріне тест сұрағы қиын болғанын айтуда. Ал ата-ана болса, балаларын жұбатып әлек. Ұлттық Тестілеу орталыңының мәліметтеріне жүгінсек тестілеудің бесінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 48 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
- тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 5 бітіруші;
- тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 19 бітіруші;
- ұялы байланыс телефондарын пайдаланған – 20 бітіруші;
- тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан – 1 бітіруші;
- рацияны қолданған – 3 бітіруші. Ал жалпы статистикаға назар салсақ
2 және 6 маусым аралығында тестілеуге 78398 бітіруші қатысыпты. Соның ішінде қазақ тілінде – 56009, орыс тілінде – 22389 бітіруші.
Ең жоғары 125 балды жинаған бітірушілер саны әзірге өзгерген жоқ. Ондай бітірушілер саны бесеу:
- Ердосова Гүлнәз Жандосқызы, Тараз қаласындағы «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның» түлегі;
- Мұстафина Риана Еркінқызы,Астана қаласындағы «№59 мектеп-лицей ММ-інің» түлегі;
- Абдазимова Лаура, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы «Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының» түлегі;
- Самат Сымбат Қуанышқызы, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы «Лингвистикалық "Үміт" гимназиясының» түлегі;
- Яковлева Анастасия Владимировна, Алматы қаласындағы «№90 лицейінің» түлегі.
5 күннің қорытындысы бойынша:
Осы уақытқа дейін тестке 78398 бала қатысты.
50-ден төмен балл алғандар саны – 14576
100 баллдан жоғары жинағандар саны – 13745
Ал тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз яғни екі алғандар саны – 3588
Қания Табыс