Қазақстанда киіктердің неден қырылғаны анықталды

/uploads/thumbnail/20170708181400114_small.jpg
Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуына пастереллез себеп болған. Бүгін Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды«Хабар» агенттігі. 
 Көрші мемлекет мамандары маусымның 1-і мен 2-сі аралығында Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қырылған киіктердің өлекселерін зерттеп, олардың барлығынан пастереллездің қоздырғыштарын анықтаған. Киіктердің қырылуына қатысты дәл осындай болжамды бұған дейін Қазақстан мамандары да жасады. 2 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі киік саны 132 мыңға қысқарды. Bnews.kz

Қатысты Мақалалар