Туристер үшін ең тартымды 10 мемлекет

/uploads/thumbnail/20170708181404489_small.jpg

Көп адам жылына бір рет қана демалысқа шығуға мүмкіндік алады. "Қайда барамыз? Не көреміз?" деп ойлана бастайды.

"Қамшы" назарларыңызға әлемдік туризм ұйымының мәліметіне сүйене отырып туристердің ең көп баратын 10 мемлекеттін ұсынады.

10-орын. Тайланд

Жыл ішінде келетін туристер саны: 26,5 миллион.

 10

Тайланд – оңтүстік-шығыс Азияның ең танымал курорты. Тұрғын үйлері мен тамақтануы арзан болса, ең көп ақша билетке жұмсалады. Тайландтағы ең танымал жерлері: Пхукет, Паттайя және Бангкок.

9-орын. Ресей

 Жыл ішінде келетін туристер саны: 28, 4 миллион.

 09

Әлемнің ең ірі мемлекетіне туристтер біріншіден Мәскеу мен Санкт-Петербургті көру үшін барады. Туристер арасында Казань мен Сочи да өте танымал.

8-орын. Ұлыбритания.

Жыл ішінде келетін туристер саны: 31,2 миллион.

08

Ұлыбританияның Лондон қаласы әлемдегі ең танымал қаласы болып табылады. Туристер мен саяхатшыларды осы аралда не қызықтырады екен? Әрине мұрада қалған орта ғасыр қорғандарының үлкен тарихы, сонымен қатар басты жұмбақ – Стоунхендж қызықтырады екен.

7-орын. Германия

Жыл ішінде келетін туристер саны: 31,5 миллион.

 07

Германияда барып көретін жерлері жеткілікті. Ең алдымен ол Бавария мен Берлин. Қыста тау шаңғы курорттары әйгілі болса, күзде Октоберфестке барса болады. Ұлыбританиядағы сияқты Германияда да орта ғасырғы қорғандары өте көп, соның бірі – Нойшванштайн қорғаны.

6-орын. Туркия

Жыл ішінде келетін туристер саны: 37,8 миллион.

 06

Түркияда тарихтағы саны көп антикалық ескерткіштері сақталып қалған. Стамбул Еуропадағы ең ірі және адамдар жиі баратын қалалардың бірі, сонымен қатар жерорта теңізінің жағасында орналасқан Мерсин мен Анталияға туристер жиі барады.

5-орын. Италия

 Жыл ішінде келетін туристер саны: 47,7 миллион.

 05

Италия арзан бағалы емес, Еуропаның элиталық курорты болып есептеледі. Туристер қыста – Альпада сырғанауға, жазда – жағажайларға келеді. Сондай-ақ адамдар Милан, Венеция, Рим, Флоренция, Неаполь және т.б. қалаларын көруге саяхатшылар жыл бойы келіп жатады.

4-орын. Қытай

Жыл ішінде келетін туристер саны: 55,7 миллион.

 04

Қытай адамдарды өзіннің тарихы мен бірегей мәдениетімен қызықтырады. Саяхатшылар міндетті түрде Ұлы Қытай қорғаның, Терракота әскерін және Тыйым салынған қаланы көруге ұмтылады. Егер жлдары болып жатса Тибетті де көруге мүмкіндіктері болады, бірақ оған арнайы рұқсат берілуі тиіс.

3-орын. Испания

Жыл ішінде келетін туристер саны: 60,7 миллион.

 03

Еуропалықтар мен америкалықтардың арасында Испания қымбат емес, танымал мемлекет болып есептеледі. Туристтер көбінесе Барселона, Мадрид және Басктар мемлекетіне келуге тырысады. Салыстырмалы арзан жағажайлық демалыс пен қымбат емес азық-түлік бағалары сіздерді қуантады.

2-орын. АҚШ

Жыл ішінде келетін туристер саны: 69,8 миллион.

 02

АҚШ үлкен мемлекет, туристтер баратын жерлер өте көп. Ол – Үлкен каньон, Йеллоустоун жанартауы, өлім аңғары және сонымен қатар Нью-Йорк, Майями, Лас-Вегас, Лос-Анджелес қалалары.

1-орын. Франция

Жыл ішінде келетін туристер саны: 84, 7 миллион.

 01

Франция туристер арасындағы ең танымал мемлекет. Саяхатшылардың көбісі Париж қаласына жол тартады. Францияның көрікті жерлері жеткілікті. Жергілікті тағамдар, табиғатының сұлулығы, қалалардың жылы ахуалы туристердің көңілдерің аулайды.

Айсұлу Тұрсынбаева

Қатысты Мақалалар