Пайдалы бизнес-тренинг туралы 6 кеңес

/uploads/thumbnail/20170708181548875_small.jpg
                     

Бизнесмен. Бизнес-тренер. Бизнес- тренинг. Бүгінгі нарық заманыныда осы үш сөзді, әсіресе бизнес- тренинг деген сөзді жиі еститін болдық.  Ал бизнес- тренингке бизнесмендер мен қатар қарапайым адамдар  да барып жатады. Алайда таяқтың ұшы бар дегендей бизнес- тренинигтің ішінде де пайдалысы мен қатар пайдасызы яғни сапасызы да бар. Бизнес-тренингтердің бағасы қымбат. Олай болса  ақшаңызға үнем болатын, әрі өзіңізге пайдасы тиетін сапалы бизнес- тренингтерді  қалай білуге болады?  Қандай бизнес-тренингтерге  қатысуға болады? Сіздерге  пайдасы тиіп қалар  деген ниетпен осы жайлы бизнес- тренер  А. Рысмендиевтің кеңестерін ұсынамын. Қазіргі қоғамда бизнес- тренингке деген жұрттың қызығушылығы артуда. Соған орай бизнес- тренингтер де көбеюде.  Алайда  бизнес- тренингке барып қатысқан  адамға негізінде екі жағдай орын алады.

  • Бизнес тренинг сапалы болса, онда адам сол жерде берген білімді қолдана отырып өз компониясының кірісін, табысын өсіреді.
  • Бизнес- тренинг сапасыз болса, адамның бизнес- тренингтерден көңілі қалады. Сосын енді бизнес- тренингтерге бармаймын деп шешім қабылдайды.

Сондықтан сіздерге қандай бизнес -тренингке бару қажет? Жалпы сапалы бизнес- треннинг пен сапасыз бизнес- тренингтің айырмашылығы неде? Сол жайында ой өрбіткім келіп отыр.

  1. Бизнес- тренер практик болуы керек

Сіз қатысатын бизнес- тренингті жүргізетін бизнес- тренер міндетті түрде практик болуы керек.  Яғни алдына келген адамдарға үйрететін стратегияларын, әдістемелерін (методикаларын)  өзі қолдана білуі қажет.

  1. Сізге технология ұсыну қажет

Ол кісі тренингте сізге тек қана өмірде көтерілу жайында немесе мотивация жайында ғана айтып қана қоймай, кәсібіңізді алдыға жылжытатын нақты технология ұсына білуі қажет. Неге десеңіз көпшілігі бизнес- тренингке барып қатысады. Алайда онда мотивациядан басқа ештеңе айтылмайды. Жауакершілік, көшбасшылық (лидерства) өмір, жалпы ақша   жайлы айтылуы мүмкін. Ал бірақ нақты бизнесті дамытатын ешқандай технология берілмейді.  Сондықтан сіз тренингке қатыспас бұрын, бизнес-тренинг сізге мотивациямен қатар бизнеске арналған технология бере алады ма? Сол жағына назар салыңыз.

  1. Өз жетістіктері

Міндетті түрде бизнесті жүргізетін бизнес- тренердің өзінің жетстігі болуы шарт.  Неге десеңіз, өзі жетістікке жету арқылы ғана адам өзге адамға жетістікке жету жолын үйрете  алады. Осыны ескеріңіз. Сондықтан , тренингке қатыспас  бұрын,  тренингті  жүргізетін адам жайында зерттеп, ол өмірде қандай жетістікке жетті, оның қандай атағы бар, соған мән беріңіз.

  1. Кепілдік берілу керек

Кепілдік берілу керек. Өзіңіз білесіз ғой. Сіз SULPAK-тан  микроволновка  сатып алсаңыз, сізге микроволновканың сапасына белгілі бір дәрежеде кепілдік беріледі ғой.   Сол сияқты  сіз қатысатын семинар-тренингке белгілі бір дәрежеде кепілдік берілуі қажет.  Яғни сіз сол бизнес- тренингке қатысып сол жерде берілген білімді, методикаларды   өмірде қолдансаңыз сіздің табысыңыз 30-40%-ға өседі деген кепілдік қағазы болуы керек.

  1. Терең білім мен тәжірибе

Тренингті жүргізетін бизнес- тренердің өмір жайлы, бизнес жайлы білімі терең болуы керек.  Және өмірлік тәжірибесі болуы қажет.  Оны қалай білуге болады десеңіз, семинарды жүргізетін тренер жайлы зерттегенде, оның қай жерде оқыды, кімдермен қарым-қатынас жасады жалпы өзі қандай бизнестер істеп көрді  сол жағына мән беріңіз.

  1. Нәтижелері болуы керек.

Тренингті жүргізетін бизнес- тренердің өзінің нәтижелері болуы қажет. Яғни сізге дейін оның семинар- тренингіне кімдер қатысты? Қатысып, онда берілген  әдістемелермен(методикалармен)  білімді қолданғаннан кейін табысы қанша пайызға өсті? Тренингтен кейін қатысқан адамдардың нәтижесі қандай? Айтқан пікірлері қандай? Табыстары нақты қанша пайызға өсті? Бизнестегі көлемі (

обёмы

) қанша пайызға ұлғайды? Осының бәріне мән беріңіз.   Қания Табыс

«Қамшы » сілтейді

       

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар