Көші-қон комитеті шетелдегі қазақ зиялыларын іздейді

/uploads/thumbnail/20170708181601858_small.jpg

"Қамшы.кз" порталының хат қоржынына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінен төмендегідей хат келіп түсті.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы көшінің" тізгінін ұстап отырған мекеменің өтінішін жерде қалдырмадық. Құлағдар болыңыз, ағайын! 

Алыс-жақын шетелдермен мәдени барыс-келісті нығайту және жеделдету мақсатына Жұңгода тұратын қазақ зилы қауым өкілдерінің мәліметтерін білгіміз келеді.

Соған байланысты, бізге жаңа Жұңго құрылғаннан бері өсіп жетілген, қазір көзі тірі қазақ зиялыларының кітап болып шыққан еңбектері, алған атақтары және сыйлықтары толық қамтылған қысқаша жазылған өмірбаяндары керек.

Зиялы қауым өкілдері деген бұл топқа өлке дәрежеліден жоғары марапат алған, әкімшілік қызметте аймақ уәлилігінен жоғары міндет өтеген, Шыңжаңның барлық өңірінде, әр салада еңбек сіңірген қоғам, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, көркемөнершілер, ғылым-техника, денсаулық сақатау, ауыл-мал шаруашылығы ісінің үздіктері мен майталмандары кіретінін ескертеміз.

Өмірбаян компютерлік үш бет көлемінде, кирилл әрпімен ұқыпты жазылсын. Сонымен бірге өмірбаян иесі бір дана сапалы суретін қосып жіберуі керек.

Сіздердің осы өтінішке көмектесулеріңізді сұраймыз.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің Көші-қон комитеті   Әріп түрі: Times New Roman Жіберілетін элпочта: a.turqnova@mzsr.gov.kz Байланыс тел: (7172) 743440 Байланысшы Марат (+77019438053)  

Қатысты Мақалалар