Ақтаудағы халықаралық әуежайда SCAT компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы өртеніп кетті.
Құқық қорғау органдары жолаушылар ұшағының Астанадан ұшып келгенін мәлімдеген.
Ұшақ ұшу жолағында тұрған кезде экипаж мүшелерінің немесе техникалық топ қызметкерлерінің әрекетінен кейін өрт тұтана бастаған.
Оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өрт дереу сөндірілді.