25-маусым сағат 11:00 уақытына сай ақпарат бойынша, әскери бөлімшеде өрт жалғасуда(ә/б аумағы 2700 га құрайды, онда 89 оқ-дәрі қоймасы орналасқан, сақтау орындарының ауданы 150 мың шаршы метрден астам.). Арыс қаласында орналасқан тұрғын үйлердегі өрт сөндірілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл облыстық әкімдік брифингте айтты.
Төтенше жағдай салдарын жоюға 363 адам және 40 бірлік техника жұмылдырылды. Ұлттық ұланның 580 жауынгері мен 345 полиция қызметкері күзетті. Олар қарақшылық фактінің алдын алып, 3 жергілікті тұрғынды ұстады. 7600 үй терезеден айырылып, тұрғын үйлердің 80-85% зақымданған.
Қазіргі таңда, Арыстық темір жол станциясында жан-жаққа баратын жолдар уақытша жабылды. Вокзалда қалып қойған 2649 жолаушы ыстық ас, су қамтамасыз етіліп, әкімдік ұйымдастырған көліктермен қауіпсіз аймаққа жеткізілді. 17 жүк пойыздары қауіпсіздікке аймақтағы станцияларда тұр.
Қазір ауылдар мен аудан орталықтарда 22 эвакуациялық пункт ашылды. 3566 адам зардап шекті. Оның ішінде 623 бала бар.
Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында жарылмаған 10 снаряд табылғаны туралы хабарлады.
Пікір қалдыру