Күллі Еуропаны мойындатқан атақты литвалық режиссер Йонас Вайткус сахналаған Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» аңыз-дастаны енді Елорда төрінде қойылмақ. 22-28 маусым аралығында Астана күніне орай ұйымдастырылатын «Сахнадан сәлем» атты ІІІ Халықаралық театр фестиваліне он бір өнер ұжымы қатысады. Оның қатарында елімізден бөлек Ресейдің Мәскеу Губерниялық және Грузияның Тбилиси қаласы Александр Грибоедов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрлары бар. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлов бастаған Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры «Қорқыттың көрі» спектаклін Қазан сахнасында қойып, халықаралық дәрежедегі өнер сыншылары мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болып қайтқан болатын. Бұл жолы театр ұжымы Астана қаласының «Жастар» театры сахнасында Елорда қонақтары мен көрермендерін таңқалдырмақ.
Театрдың «Баспасөз қызметі»