Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткіздідеп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлек, республиканың барлық облыстарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Арыс қаласын қалпына келтіру мәселесі қаралып, атқарылатын жұмыстар пысықталды. Мәжілісте аймақ басшысы аудан-қала басшыларына тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Сондай-ақ, басқа облыстың өкілдеріне де нысандарды жөндеуді мерзімінен кешіктірмей атқару керектігін пысықтады.
"Мен осында бір ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан немесе қала жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаса, жауапты адамды жұмыстан босатамын. Ал, жауапты облыстар салғырттық танытса, Үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек",- деді Өмірзақ Шөкеев.
Пікір қалдыру