Шығыс жұрты арыстық ағайындарға қол ұшын созды

/image/2019/07/02/crop-90_2_870x1159_kpkk.jpg

Апаттан зардап шеккен Арыс қаласына шығыс-қазақстандықтар да қол ұшын созып жатыр. Бұл мақсатта арнайы штаб құрылып, оны облыс әкімі Даниал Ахметов басқарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

– Бұл – тек арыстықтардың ғана емес, бүкіл елдің басына түскен ауыр сынақ. Осындай сын сағатта ауызбіршілік танытып, көмек қолын созу азаматтық парызымыз. Сондықтан жерге мемлекеттік қызметшілермен қатар, бизнес өкілдері мен журналистерді де шақырдым. Жерлестеріміз арыстықтардың қайғысына бейжай қарамайды деп сенемін. Қазір апаттан зардап шеккен отбасылардың балаларын Шығыс Қазақстандағы лагерлерде жіберу мәселесін қарастырып жатырмыз, – деді облыс басшысы Даниал Ахметов.  

Аймақ басшысының айтуынша, Арыс халқына көрсетілетін материалдық және гуманитарлық көмектер жүйелі әрі жариялы жүргізіледі. 

Бүгінгі таңда апат болған аймақтың тұрғындарына алғашқылардың бірі болып «Бипек Авто – Азия Авто» компаниялар тобы қол ұшын созды. 

Сонымен қатар қайырымдылық акциясына «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қала-аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының мүшелері, мешіт имамдары және қарапайым тұрғындар белсенді атсалысып жатыр. Қазірдің өзінде Шығыс Қазақстан облысындағы аудан орталықтары мен қалаларда Арысқа гуманитарлық көмек көрсету үшін құрылған 20-ға жуық пункт жұмыс істеп тұр. Ол жерлерде халық тұтынатын бірінші кезектегі қажетті дүниелер, оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар және басқа да қажеттіліктер қабылдануда. Жиналған гуманитарлық көмек жақын күндері Түркістан облысына жіберіледі. 

Облыс орталығы Өскемен қаласындағы гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі арнайы штаб Потанин көшесі 27/1 (Жастар ресурстық орталығы) мекен жайында орналасқанын естеріңізге сала кетейік. 

Сонымен қоса арыстықтарға көмек көрсеткісі келетін адамдар облыс әкімдігінің жанындағы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуына болады. Қор реквизиттері: 

Мекенжайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 А ғимараты; 

пошта индексі – 161200; 

БСН (БИН) – 100440016000; 

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы: 

ЖСК (ИИК) – KZ7196528F0007014540; 

БСК (БИК) – IRTYKZKA. 

Өскемендегі телефон нөмірлері: 71-31-50, 71-32-77 (облыс әкімінің аппараты). 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар