Тоқаев: Ұжымдастыру кезінде қазақтардың қырылуына орыс халқының еш қатысы жоқ (видео. Толық нұсқа)

/image/2019/07/22/crop-20_11_613x817_2019_02_01_men.jpg

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашаршылық пен ұжымдастыру кезеңдері туралы өз ойын білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ашаршылықта қаза болғандардың саны жағынан қазақтар ең көп зардап шекті. Тіпті шамамен екі жарым миллион адам қайтыс болды,– деді президент. 

"Бұл тақырып қазір көтеріліп жатыр. Алайда ешқандай саяси астар жоқ. Драмаға айналдыру, қысым жасау, әсіресе, орыстарға қарсы әрекеттердің де жоқ екенін атап айтқым келеді. Өйткені ұжымдастыру кезінде қазақ халқының, тіпті биліктегі орыстардың да түк қатысы болмаған", - деді Тоқаев. 

Әкесі Кемел сол кезеңдерде жетім қалған. Алайда Сталиннің соғыс кезінде халықты жеңіске жеткізгені үшін риза болған.

"Мен үшін Сталин, әрине, ірі тарихи тұлға. Бірақ кез келген тарихи тұлға ретінде Сталиннің қарама-қайшы жақтары көп. Жаппай репрессияны, соның ішінде Қазақстан жеріндегі қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес. Сол кезде қазақ интеллигенциясының біразы сталиндік жүйе кесірінен түрмеде жазықсыз қаза тапты. Екінші жағынан, әкеммен де келісемін. Ел басына күн туған кезде Кеңес Одағын басқарып, елді жеңіске жеткізді", - деді Президент.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар