Камиль Рахмати–Тараздың тұңғыш архитекторы

/image/2019/08/23/crop-10_6_741x554_arkhitektor-1.jpg

Биыл 80 жылдық мерейтойын тойлайтын Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының (бұрынғы Жамбыл) сәулеттік келбетін жақсарту ісіне кәсіби мамандар 1957-1958 жылдары тартыла бастады. Өз кезегінде сол кездегі кәсіпқой архитекторлардың бірі Камиль Рахмати облыстың бас жоспарын түзді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ бұдан 80жыл бұрын Жамбыл облысы құрылған сәтте оның құрылысы, сәулеттік келбеті сынды шаруаларды қолға алуға еш мүмкіндік болмаған. Жаһандық геосаясаттағы тұрақсыздық, Гитлердің Кеңес одағына шабуыл жасауы мүмкіндігін ескеріп дереу өңірлерді басқару ісіне кіріскен Сталиннің бұйрығымен елімізде бірнеше облыстарды құрылды. Бұл облыстарды құруда Бас қолбасшысының белгілі бір мақсат болғанымен оларда көркейту жұмыстарын жүргізуге қаржының тапшылығы қол байлау болды. Осылайша Жамбыл облысының орталығы болған сол кездегі Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласын көріктендіру шаралары да тек 1957-1958 жылдары ғана қолға алынды. Жергілікті билік арнайы тапсырмамен білікті архитектор Камиль Рахматиді Жамбыл қаласына шақыртты. Бұл сәулетші кейіннен облыстың бас жоспарын да әзірледі. Оның көмекшісі ретінде инженер А.Анипко архитектуралық сызбаларды әзірлеп отырған.Жамбыл қаласының құрылысын жүргізу кезінде басшылыққа алынуы тиісті кейбір қағидалар сол тұстағы елдің басшысы Д.Қонаевтың қолымен бекітілген екен. Әрі елдің химия алыбы саналған шаһардың сәулеттік келбетін жақсартудың стратегиялық астары да бар еді.

Міне өз кезегінде мемлекеттік маңызы бар осы миссияны мүлтіксіз іске асыра білген сәулетші Камиль Рахмати 1924 жылы 25-шілде Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келген. Мамандығы кәсіби сәулетші, Кеңес одағының сәулетшілер одағының мүшесі болған. Жоғары білімді Орта Азия политехникалық институтынан алған маман 1955 – 1960 жылдары Жамбыл қаласының бас сәулетші атанып, құрылыс және сәулет істері жөніндегі облыстық бөлімді басқарған. Жамбылдағы жауапкершілігі мол қызметінен кейін Камиль Рахмати 1960 – 63 жылы СССР Құрылыс және сәулет академиясының Алматы қаласындағы қазақ филиалының аспирантурасында білім алады. Мұнан соң 1965 – 70 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкесі коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы, 1978 – 79 жылы «Оңтүстікқалаауылжоба» институты филиалының бас сәулетшісі, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мұражай-қорының директоры болып қызмет етті. К.Рахмати Жамбыл қаласындағы белгілі ескерткіштермен бірге, өңірдегі Меркі, Құлан, Жуалы сынды аудан орталықтарындағы бірқатар құрылыс нысандарының да жобасын жасаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар