Кеше сағат 09:55-те Ақтөбе облысының Хромтау қаласында "Ваз 21140" автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған бір топ баланы қағып кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"20 жастағы автокөлік жүргізушісі көлік тұрағынан жолдың жүру бөлігіне шығып, рөлді басқара алмай, жол жиегінде кетіп бара жатқан "Хромтау тау-кен техникалық колледжінің" студенттері мен кәмелетке толмаған балалар тобын қағып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, алайда біраз уақыттан соң полиция қызметкерлері оны ұстады. Көлік айып тұрағына жеткізілді", - дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Пікір қалдыру