Бауыржан Байбек Алматының құрметті азаматы атанды

/image/2019/09/15/crop-48_3_283x377_photo_59503.jpg

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматы қаласының құрметті азаматы атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының бұрынғы әкімін қазіргі қала басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады. 

Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі үшін "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек марапатталды.

Бауыржан Байбек 2015 жылдан бастап Алматы әкімі болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде жүздеген көшелер мен жолдар қайта жаңартылып, қаладағы қоршаулар бұзылды, Универсиада өткізілді, ал әкімдіктің өзі күрделі өзгеріске ұшырады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар