Тұрсынбек Өмірзақов, депутат: Жол жүру Ережесіне өзгерістер қажет

/uploads/thumbnail/20170708151017053_small.jpg

Кешегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен   жалпы отырыста    депутат Тұрсынбек Өмірзақов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.

Астана, Алматы және еліміздің басқа да қалаларындағы реттелетін көше қиылыстарының өткiзу қабiлеттiлігін ұлғайту проблемасы қазіргі таңда өзекті болып табылады және адекватты шешімді талап етеді. Қазақстанда бұл мәселе негізінен жер үсті және жер асты көпірлер түріндегі инженерлік және өзге де құрылыстарымен шешіледі.Көше қиылыстарының өткiзу қабiлеттiлігін тек қана инженерлік тәсілдер арқылы, яғни шығынды әдістермен ұлғайту Президенттің бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша қойған талаптарына сәйкес келмейді.Астана қаласында іс жүзінде бағдаршамның қызыл түсінің жануы барысында оңға бұрылуға рұқсат етілген. Астанада кәрiздiк қозғалыстың енгізіліп жатқаны белгілі, бұл, әрине жанармайды үнемдетеді және осы жерлерден өтетін көліктердің санын ұлғайтады. Нәтижесінде жаяу жүргiншiлер бір жолды кесіп өтудің орнына екі бірдей жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтулері тиіс.

Астанада осындай кәрiздiк көше қиылысының құны мамандардың - ҚР ІІМ-нің Жол полициясы комитеті офицерлерінің бағалауы бойынша - 700 мың АҚШ долларынан басталады, ал көше қиылыстарын жерлерді бөліп беру және ғимараттарды бұза отырып жайғастыру барысында олардың құны миллиондаған долларға жетеді.Еліміздің Президенті өзінің Жолдауында 2015 жылға дейін табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына ену міндетін қойды. Әлемдегі табыс деңгейі  жоғарғы мемлекет АҚШ Жол жүру ережесін қолданады, оған сәйкесбағдаршамның тура жүруге тыйым салу сигналы бойынша оңға бұрылуға рұқсат етілген. Осы секілді ереже сонымен қатар Канадада, Жаңа Зеландияда, Еуропада Германияда, Азия елдерінің көбінде – Индия, Оңтүстік Корея және Қытайда, ТМД елдерінде – Украина мен Литвада қолданылады. Жақын арада осы ережені эксперимент ретінде Ресейдің Мәскеу және Белгород қалаларына енгізу жоспарланып отыр. ҚР Жол жүру ережесіне аталған өзгерісті енгізу мәселесі менің тарапынан Астана қаласы мәслихатының депутаты ретінде осыдан жеті жыл бұрын жол полициясы қызметкерлерінің алдында қойылған. Қазіргі таңда өз басым өздерінің аты-жөндерін айтпауды қалаған ҚР ІІМ-нің Жол полициясы комитетінің басшыларына өтініш жасадым. Олар біздің қазақстандық жүргізушінің ерекше «қалыптан тыс» ділге ие, қазақстандық жүргізуші ең тәртіпсіз, қазақстандықтар мәдениет деңгейі бойынша дамыған американдықтар мен немістер деңгейіне әлі пісіп жетілмегені жөнінде мені сендіріп отыр, ал олар өздерін индустармен, қытайлармен және біздің украиндармен салыстырғылары келмейді. Осы мәселенің шешілуінің келешегі жоқтығын олар 1968 жылғы БҰҰ Вена конвенциясымен түсіндіруге талпынды, алайда оған қойылған қол Германия үшін өзінің ұлттық саясатын жүргізуге кедергі келтірмейді. Вена конвенциясында жазылғандардың барлығы – ұсыныстар. ҚР Жол жүру ережесін осы бағытта өзгертуге қандай да бір әрекет тұрарлық қағазбастылыққа әкелетіні туралы пікір қалыптасты. Алғаш рет осы идея 30-жылдары АҚШ пайда болып, ол Ұлы Депрессияға байланысты болды. Жанармай шығынын азайту басты мақсат етіп қойылды, бұл таңқаларлық нәтиже берді – жанармай шығыны 30%-ға төмендеді және кептелістің 35% төмендеуі ретінде қосымша оң нәтиже алды.Бағдаршамның қызыл шамына оңға бұрылуға тыйым салудың күшін Депутаттар жоя алмайды, өйткені мұндай тыйым салу Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Жол Жүру Ережесімен реттеледі.

Құрметті Серік Нығметұлы, ҚР ІІМ аталған мәселені жақын арада пысықтау туралы арнайы тапсырма беруіңізді, әлемдік тәжірибе және еліміздің көше қиылыстарының өткiзу қабiлеттiлігін шығынсыз әдістермен ұлғайту негізінде ҚР Жол Жүру Ережесіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар