Перизат Қайрат сот отырысына БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы

/uploads/thumbnail/20250709141131680_big.webp

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

Алдын ала тыңдалым кезінде күдіктілер сот отырысына БАҚ өкілдерінің қатысуын және фото-видеоға түсіруге тыйым салуды талап етті. 

Елорда сотының баспасөз қызметі алдын ала тыңдаудың басталғанын растады. Бұл туралы алдын ала хабарланбаған.

"Бүгін алдын ала тыңдау өтті. Баспасөз қызметі ешкімді жеке де, ортақ чат арқылы да шақырған жоқ. Бүгін өтініштер қаралып жатыр. Сот отырыстың ашық немесе жабық болу мәселесі бойынша кеңесу бөлмесіне кетті. Аяқталғаннан кейін ақпарат береміз", – делінген хабарламада.

Еске салсақ бұған дейін волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

Қатысты Мақалалар