Берік Әбдіғали: Ұйғыр ауданына тисе бермей, Петропавл мен Павлодардың атын ауыстырайық (3-жауап)

/uploads/thumbnail/20170708185929075_small.jpg

Данияр Асаубаев:

Беке, сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз ел басқаруға әбден жетеді, Болашақта осы елдің көшін алға сүйрер президент болу ойыңыз бар ма?

  • Президент болу арман емес.  Мен мұндағы сұрақтарды қарап шықтым. Сұрақтардың бәрі маған ұнады, көп жерде жауап беріп жүрмін ғой. Оқырмандарыңызға алғысымды білдіремін. Мына жерде де сол маған қолдау көрсетіп отыр. Шын мәнінде әркім қай жерде қызмет істесе де еліне қызмет етуі керек. Бірақ белгілі бір жауапкершілікті алғаннан кейін, сол жауапкершілікті ақтағың келеді ғой. Кім қайда, қай қызметте жүрсе де бастысы еліне қызмет жасауы тиіс. Ол президент бола ма,  министр бола ма, әкім бола ма, басқа салада жүре ме, өнерде жүре ме маңызды емес. Ең бастысы елге жауапкершілікпен қызмет жасауы тиіс. Ал әділетті саяси ақуал өзі әр тұлғаны өз орынына апарып қояды. Әкімдікте болса деңгейі әкім болып істесін, одан сәл жоғары болса министр болып істесін, одан жоғары болса премьер министр болып істесін, бүкіл саяси ақуалға жауап бере алатын болса президент болсын, осының ең бастысы- елге қызмет жасауы.

Тілекші :

Қазаққа қазір бастысы не жетіспейді? Не керек?

  • Алдыңғы сұрақтарда айттып кеттім. Бәсекеге сай болуы, жігерлілік  пен қайсарлылық, ішкі рухтың, бірлігі мен тұтастығы жетіспейді, бізге керегі осы. Біз - Алтын орданың мұрагеріміз. Бізге сол империялық жігер керек.

Жұлдыз:

Қазіргі  таңда елімізде түрлі келеңсіздіктер болып жатыр, киік қырылды одан Атырауда балықтар қырылды деген сөз шықты, Қостанайда мал қырылып жатыр дейді. Бұның бәрі бір бірімен байланысты ма? Қоғам белсенділері гептилдің әсері дейді. Сіздің ойыңыз қандай?

  • Бұл – шынымен де трагедия.  Екінші рет дәл жартысы қырылып жатыр, өзі де аз қалған еді. Былтыр ғана ауылға барғанда ауылдың жанынан киіктер көріп, далаға өмір қайта келгендей қуанған едім. Енді биыл қырылып қалғаны- даламыз үшін, қазақ үшін үлкен бір трагедия. Қазақ киікті киелі санайды ғой. Бостандықты, азаттықты сүйетін аң еді. Бүгін қырылып жатыр, оның неге қырлғанын ешкім білмейді, бұл деген масқара ғой. Кеше елбасының өзі де білмей отыр. Гептил дейді, басқа дейді, іс жүзінде ешкім анығын білмейді. Шын мәнінде бұл ұлт болып дабыл қағатын мәселе.  Себебін түбегейлі анықтап, ары қарай көбейтудің жолын қарастыру керек.

Таңат :

Еліміздің қарулы күштерінің күші қандай? Әскери саламыздың жетілуі қалай? Қазақстан қарулы күштері қазақты қорғай ала ма? Қорғаныс министрі болып Иманғали Нұрғалиұлы келгені оң өзгерістер әкелді ме?

  • Тасмағанбетов ол Қазақстандағы ең білікті, тажирбелі басқарушы ғой. Ең үлкен басқарушы- менеджер, қайда жүрсе де үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Бұл саланы да игеріп алып кететініне кәміл сенеміз. Бүгінігі күні заман көрсетіп жатыр, бірақ қару жарақ қолдануды құдай сақтасын дейміз. Оған жеткізбесін, өйткені, қаншалықты мықты болсақ та кезінде бүкіл кеңес одағында ең көп әскери адамдар бірінші орыстар, екінші украиндықтар болатын. Бәрі білетін, бәрі мойындайтын. Саны жағнан да, сапа жағынан да дамып келе жатқаны екеуі болатын. Екеуін соғыстырып көрдік қой. Енді Ресей басымдылығы бар. Бүкіл күш соның қоланда дегенменен Украина түк істей алмай жатыр. Сондықтан қанша алпауыт болғанмен әскер ештеңе шешпей отыр. Дегенменде, әскери күш - әр мемлекеттің мақтанышы. Ол -азаттықтың бір элементі, символы. Қазақтың батырлық дәстүрін жалғастыратын әскеріміз болсын деп тілеймін. Шын мәнінде батырлық деген қазақтың ерекше қасиеті. Сол батырлығымыз әскери күшпен ғана емес, өнермен, спортпен, саясатпен ғана көрінсін.

Айгерім:

Қоғам белсенділері Евразиялық одақтың бізге тиімсіз екенін сан мәрте айтып дәледеп те берді. Ал билік неге бас тартқысы келмейді? Бұл одақтың бізге пайдасы қандай, зияны қандай?

  • Жоғары да айтып кеттім ғой, шын мәнінде мен әлі білмеймін. Азаттығымызға, әлеуметтік жағдайымызға кесірі тиіп жатса, сонда біз тиімсіздігін көреміз.  Мен өзім экономист болмған соң пайда-зиянын айта алмаймын. Менің айтарым, кіретін одаққа кірдік, енді әр салада бәсекеге сай болсақ ештеңден ұмытылмаймыз, болашақта тіпті Евроодаққа да кірейік.  Бәрі бір ДСҰ бәрінен басым тұруы керек. Қандай одаққа кірсек те өзімізге байланысты.

Дулат :

Көзден кетсе көңілден кетеді деген бар. Сіздің бұлай жүре берсеңіз ел есінен шығып кетпейсіз бе? Болмаса саясатта қарайып қалмайсыз ба? қашан жарқ етіп шығып сізге үміт артқан қауымды қуантасыз?

  • Мен өзім шын мәнінде саясаткер емеспін. Мен саясаттанушы болып жүрдім, маман ретінде өз бағамды бердім. Бірақ, белгілі бір саяси көзқараспен партиялардың идеологы  болып жүрген жоқпын. Иә, партияларда қызмет жасадым. Сарапшы ретінде саясатқа баға беріп жүрдім. Психолгиялық күйден бе, бүгінгі күні саясат мені қызықтырмай кетті. Мен Ұлытауға кеткенде бір сұхбатымда қаладан да, саясаттан да шаршадым да ауылға кеттім дегенім бар. Жастар келе жатыр жетіліп. Енді менің қазаққа ғалым ретінде пайда тигізгім келеді. Аранайы кітаптарымды дайындап жатырмын, мен үшін осы жұмыстар маңызды сияқты. Ал саясат талап еткенде мүмкін араласармын. Ал бірақ қазір өзімді саясаттан көрмеймін. Маған мүмкіншілік болса ауылға қайтып кеткенім дұрыс, мен қаланы сағынып келгенім жоқ. Амалсыздан келдім, әйтпесе сол ауылға қайтып кету керек.

Нұрбигүл :

Еңбегіңіздің жарыққа шығуымен құттықтаймын. Кітабыңызды “Қазақ болайық ” деп атапсыз. Сонда біз қазір кімбіз?

  • Иә, бізде қазақ деген ұғым бар, қазақ деген халық бар. Толыққанды біріккен, тұтас ұлт, саяси толыққанды қалыптасқан қазақ бір тілде сөйлейтін, өз –өзін сыйлайтын, өзін басқаға сыйлата алатын, еңсесі биік, көкірегі ояу, көзі ашық ұлтқа айналуы керек деген ұғым ғой. Шын мәніде қазақ болу деген азат болу. Мен үшін қазақ ұғымы азат болайық деген ұғымды білдіреді. Біз бір алаштан тараған соң, сол қазақ атымызға лайық болуымыз керек. Біз сол атқа лайық болмай келе жатырмыз ғой. Біз қазақша сөйлегенімізбен қазақ бола қоймадық. Басқа ұлттың өкілі де қазақша сөйлеп шыға келеді, одан олар қазақ болмайды ғой. Ең бастысы қазақтың рухы, ұлттық сана сезімі, қазақтың бірлігі татулығы, тұтастығы, намыстылғы. Өкінішке орай, бәріміз толыққанды қазақ болмай жүрміз, сондықтан қазақ шын мәнінде қандай болуы керек деген, қазақ қандай болмауы керек деген әрқайсымыз ойланатын өзекті мәселе.

Ерлан Асылхан :

̶   Қазақстанның халықаралық қатынасы қалай? Экономикалық және де басқа салаларды Қытай мен Ресейге сұғынып кіріп кеткен жоқпыз ба? Олармен ғана емес әлемнің алпауыт мемлекеттерінің бәрімен тең қарым қатынасты болғанымыз дұрыс емес пе? Біздің шын досымыз кім?

̶   Бұл жерде енді Черчилль айтқандай: «Англияда дос жоқ,  тек ұлттық мүдде бар» ,- деп біз екі алпауыт мемлекеттің арасында отырған соң екеуін де дос деп айтамыз. Қытай Рсейден көрі мені мазалайды. Өйткені бүгінгі күні Қытайды тіреп тұрған Шыңжаң өңірі. Ол жерде ұйғыр, қырғыз, қазақ қана емес, ислам дінін ұстанатын көптеген ұлттар бар, сол жерді негізі ислам діні ұстап тұр. Егер де сол жерде ислам дінін құлатса, олар сол жерді ақырындап қытай қылады. Қытайдағы ұйғырларға рахметімізді айтып, сол жерде қазақтар бар, қырғыздар бар соларға қолдау көрсетуіміз керек. Егер соларды құлатса, ақырындап бізге де келеді. 

Журналист:

̶  Ұйғыр халқының ғалымдары  арасында қазір  мынадай бір зерттеулер жүріп жатыр, кезінде ұйғыр империясы деген болған, сол ұйғыр империясының қожасы бізбіз , сосын олардың атты әскері болған. Тоныкөк- біздің бабамыз, Тоныкөктің басындағы:

Атты әскер ұстадым.

Аз халқымды көбейттім.

Қызым күң болмасын деп,

 Ұлым құл болмасын»,- деп жазылғаны бізді меңзейді, сосын екіншіде біз көшпенді болғанбыз, біздің киіз үйіміз болған , (сосын біздің қазақтың киіз үйін сипаттайды сөйтіп келіп), керегесі айналдырып, целиндр сияқты болған.  Төбесі күмбез тәріздес болған. Ол керемет үйлесімділік табиғатпен сәйкестендірілген, тағы бізде керемет сусын болған, ол нәрлік жағынан өте жоғары, оны кумыс деп атаған. Солар  қаншалықты шындыққа жанасады?

̶   Тоныкөк деген бүкіл түріктердің бабасы, оны түрік те айтады, түркімен де айтады, сондықтан оны олай деп бөлудің қажеті жоқ. Біздің ортақ бабамыз бәріміз Алтайдан шықтық, бәріміз сол түрік қағанатынан шықтық. Әркім әр жаққа кетті, бәріміз көшіп-қонып жүрдік. Сондықтан бәріміз бір елміз. Мысалы қымызды тек қазақтікі деп иемдей алмаймыз, ол тек біздікі ғана емес, ол ноғайдікі, ол қарақалпақтікі, ол қырғыздікі, башқұртікі. Ондай деп бір бөлінудің қажеті жоқ. Бәріміз бір елміз, бәріміз бір шаңырақтан шыққанбыз.  Бір бөрінің емшегін еміп, шыққанбыз. Ондай ұсақ- түйекке түспеу керек, оны қызғанбау керек. Айта берсін, оның бәрін қазақыландырудың керегі жоқ. Татарлар оны татар қылғысы келеді, түріктер түрік еткісі келеді. Солай бөлініп кетеміз де, ондай әңгімені мен де естігем Түркияда бір ғалым татар ағайын келіп маған орта ғасырда сендер татар болғансыңдар дейді. Бір қарсы сөз айтатын шығар деп, күтіп тұрды. Мен болсам оған,-  «иә, біз оның алдында ғұн болдық, сақ болдық, тіпті моңғол болдық, татар болдық, ал қазір қазақпыз» - деп едім, ол кісі үндемей қалды.

   Сөйтіп, қарсыласпай иә, бәріміз бір елміз, бәріміз бір жұртпыз, бірақ, қазір бәрінің шаңырағы бөлініп-бөлініп кетсе де, бір бірімізбен дауласпауымыз керек.  Басымыз әлі күнге дейін қосылмай келе жатыр . Мысалы өзіміздің жақын өзбекпен айтысып, қазақ өзбектерді ұрып – соғып жатыр. Өткенде Алматыда жертөледе  қарақалпақтарды ұрып-соғып, құл қылып жүрген ақпарат көрдім, ол ағайын емес  пе? Қазаққа ең жақын - ноғай мен қарақалпақ. Бізге енді олай бөліне беруге болмайды. Бір-бірімізге жақын болайықшы, біз оларға жақындауымыз керек. Түрікті менсінбей, ұйғырмен айтысып, біреуге бір нәрсе деп ренжу- ол өзіміздің ұсақтығымызды білдіреді. Қазақ болғанан кейін бәріміз түркіміз. Мысалы ұйғырға сен бұрын қазақ болдың деп айта алмайсың. Өйткені олар ұйғыр болып жүргенде біз қазақ болған жоқпыз. Найман болдық, керей болдық, өйткені ұйғыр хандығы, найман, керей, дешті қыпшық болып жүргенбіз. Бүгінгі ұйғырлар шын мәнінді «тараншы» деген ел. Ұйғыр атанып кеткесін – оны да құрметтеу керек. Бәрін сипаттап  шықтық қой, солар бәріміз бір бабадан тарағанбыз. Ол біздің бірлігіміз, сондықтан оны бір бірімізден қызғанбауымыз керек. Киіз үйді, қымызды басқаны, ал керісінше, бірлігімізді мойындатыды да, бір-бірімізге бауырым деп сөйлеуміз керек. Ұйғыр біздің тілімізді үйренсін, біз ұйғырдың мәдениетін үйренейік. Байыту керек бір-бірімізді. Мықты болсаң, мықтылығыңды орыстарға көрсетіп көр, Петропавл мен Павлодардың атын ауыстыр, Ұйғыр ауданына тисе бермей, сондықтан кең болайық, қазақ болайық дегенім ғой. Кең болайық!

Жанар Бегімбетова :

 ̶  Біз қоғамдағы, саясаттағы Берік деген азаматты жақсы танимыз. Отбасындағы Берік қандай?

 ̶  Отбасымда үш ұлым бар, жарым бар, шамамыз келгенше балаларымызды тәрбиелеп, әсіресе соңғы екі жылда отбасыммен, балалармен біргемін. Біз де енді құдайға шүкір біреуден ілгері, біреуден кем дегендей келе жатырмыз. Жақында  «Жұлдыздар отбасында» журналға отбасым туралы материал шықты. Содан оқып аларсыздар.

̶  Шырын Бекзатқызы :

Мағжан Жұмабев «Мен жастарға сенем» деп еді. Сіздің қазіргі қазақ жастарына сеніміңіз қандай, жастар қалай?

̶  Жастарға сенем деп неге айтады, бұл өзінің құрбыларынан көңілі түңілген соң айтады. Қасымдағы құрдастарыма, ағаларыма сенбеймін, мен жастарға сенемін деген осы сөздің төркінін ойласаң, неге мен жастарға сенем деп айтады? Меніңше, мұның алдында басқа сөздер болуы керек сияқты. Мен құрбыларыма сенбеймін,мен ағаларыма да сенбеймін, мен жастарға сенемін!  Сондықтан бұл ұғым сол кездегі заманнан бір түңіліп, ұсақталып кеткен құрбыларынан, бір – бірін сатып жатқан, бір – бірінің үстінен арыз жазып жатқан, оқымайтын, білімге ұмтылмайтын, өзі надан, өз қара басын ғана ойлайтын заманның арасында жүргенде, ХХ ғасырдың басында осыны айтқан кезде, сондай бір қараңғы заманда жүрген кезде болашақтағы жастар бізден де жақсы білім алып, бізден асып түссе екен деген бір тілек қой. Мысалы бізде өз-өзімізден түңіліп, бізден түк шықпады енді  мен жастарға сенемін деп айтқың-ақ келеді. Бірақ біз жастарға жол ашуымыз керек , кезінде біраз ағаларымыз жол ашып берді, ақылын айтты. Мысалы  Хасен  Қожахмет, Жасарал Қуанышалин, Дос Көшімов сияқты біраз азаматтарымыз  жүр. Демократиялық оппозицияда біраз азаматтарымыз жүр. Бәрі соққыларын алып жатыр, бір жағынан басқаларға жол ашып жатқан сияқты, өйткені ең бастысы айтылуы керек қой. Басқа көзқарас болу керек, келісесің бе, келіспейсің бе - ол бөлек, бірақ басқа көзқарас болу керек. Бұл жерде басқа көзқарас бар, келісу келіспеу өз ойым, фейсбукте де жазып жатады, сондықтан, мен жастарға сенемін дегенді  әрине қазіргі қазақ жастарына әр буын келесі буынға оң көзқараспен қарайды. Бұл заңдылық, сондықтан қазіргі жастар біздерге қарағанда белсенді, бізге қарағанда білімі кең, шетелде оқыған, көп тіл біледі, әрине, кейде ойлайсың бізде осындай мүмкіншілік болса, бізде бұдан да білімді болар ма едік деп. Сол жағынан бізде айта аламыз. Біз де заманнан шет қаласақ та, жастардың озып бара жатқанын мойындаймыз. Мен жастарға сенемін деп, қазақ үшін ең бастысы қазақи рухты жоғалтпау. Тағы да осы арада қосарым, қазір мен бір жастарды байқап келе жатырмын, шетелде оқыған, орыс тілді, қазақ тілді меңгерген, бірақ түбінде басқаша ойлайтын, оларға мынау қазақ тілі тек сөйлеу құралы сияқты. Мәселе тілде ғана емес қой дейтін, басында мен түсінбейтінмін, кейін ақырындап мойындап келемін. Өйткені олар сөйлеп отырсаң ағылшынша қосып отырады, арасына орысшаны да қосып отырады арасында қазақшаны да қосып отырады үш тілді бірдей оқығандар, бар сондайлар шығып жатыр. Қазір, өте білікті, шет елден келген, Ресейден келгендермен айтысар болсаң, жеңіп кетеді.Шетелден келген неше түрлі сөздермен, теоремаламен сөйлеп және шет елден келген инвесторларды да жеңіп кетеді. Бір жағынан осындай тип пайда болған сияқты. Қазақстанның азаматы, түрі қазақ, орысша да сөйлейді, ағылшынша да сөйлейді, сөйлеген де үшеуін араластырып сөйлейді. Бірақ сол өзінің біліктілігі де бар, патриоттығы да мықты, бірақ біз сияқты қазақ тілге тіреліп қалған жоқ. Біз қазақ тілі болмаса өлетіндейміз, бірақ олар кейіндеп қарайды сонда мен басында түсінбей оларды бір мәңгүрт деп, не сұмдық деп, мен мынадай жастарға сенбеймін деп жүруші едім. Бірақ, патриоттығын қарасаң мықты, шетелдің алдында қазақтың мүддесін қорғағанда мен таң қаламын, сонда біз тілмен қазақтың дамуын білмейді екен деп мәжбүрлемей, қазақша сайрап тұрмаса да ең бастысы өзінің қазақтығын ұмытпаса әлі талай жетістіктерге жетеді. Әлі шулатады. Осындай қазақтарды мен қазір мойындай бастадым. Қазақ тілін білмесе, ағылшын тілін қайтейін деп өзімізді қазақ тілін бір шеткері етіп, жауып алдық та, оларды итермелемей, керісінше қазақтығыңды ұмытпа деп қолдап отырсақ,  сондай жастарды өзімізге тартуымыз керек, олар білгісі келеді, оларға сен мықтысың, бүкіл әлемдік инвесторлармен тең сөйлесесің, енді сен қазақ тілін меңгерсең одан да күшті болар едің деп түсіндіру қажет. Осылай азаматтарды тартып өзімізге,  тілге деген, елге деген, жерге деген құштарлығын арттыру керек.

Есбол:

Қазіргі кезде сізге қызмет ұсынса қандай қызметке барғыңыз келеді?

– Қаншама салада жұмыс істедім, шынын айту керек, солардың ішінде аймақтарда әкім болып жұмыс істегеннен қанағат алдым. Көп жылдардан бері шешілмей келе жатқан мәселені қолға алып, жолы болсын, жарығы болсын, соны соңына дейін жеткізіп, елмен бірге қызығын көру адамға ерекше қанағат сезімін сыйлайды екен. Кішкентай болса да біреуге жақсылық жасаған соң бойыңда  әдемі бір сезім пайда болады.

Кезінде халықпен тікелей жұмыс істейтін аудан, шағын қала әкімдерін халық сайласа дегенмін. Сондай сайлау болып жатса өз бағдарламамды алып барар едім. Қолдан келген бар мүмкіндігімді салар едім. Жалғыз мен ғана емес қолынан жұмыс істеу келетін, әртүрлі жобаларда жүрген басқа да азаматтар бар. Қазір мемлекетте қаражат бар да шалғай аудандарда жұмыс істейтін кадрлар жетіспейді.

Жалғасы бар

 

Қатысты Мақалалар