Украинаның Жоғарғы радасының депутаттары Украина территориясында РФ-ны «Россия» немесе «Русь» деп атауға тыйым салды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Свободная пресса» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жақында Украинаның Жоғарғы радасы ел аумағында РФ, Россия, Русь сөздерін қолдануға конституциялық шектеу қойды. Себебі, бұл атаулар негізінен Украинаның тарихи атаулары және ол Украина мен Ресейдің бұрынғы одағын еске салып тұратындығы-мыс.
Осындай ұсыныспен Украина Радикалды партиясының жетекшісі Олег Ляшко мен депутат Оксана Корчинская баяндама жасаған. Олардың айтуынша, Ресей Федерациясының ресми синонимдік атауы ретінде «Россия» немесе «Русь» деу Украина мемлекетінің уақытша екендігін білдіретін агрессивті атау болып табылады. Украинадағы жаңа заң жобасында көрсетілген негіздемелер тек қарапайым халыққа ғана емес, мемлекеттік мекемелерде, ресми құжаттарда, БАҚ-та, жарнамаларда, оқулықтар мен жол белгілерінде т.б. Украина территориясы аумағында толығымен қолдануға тыйым салады.
Ал аталмыш заң жобасын бұзған (яғни, Украина территориясында «Россия» немесе «Русь» сөзін қолданған) жағдайда Украинаның территориялық тұтастығына шүбә келтірді, Украинаның дербестігін мойындамады деген айыптар тағылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілетін болады.
Нұрзат Тоғжан